Терезе жүйелерінің профильдері | Made in KZ | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Терезе жүйелерінің профильдері | Made in KZ

Хабар24 телеарнасындағы «Made in KZ» жаңа санында алюминий профильдерінің қалай жасалатыны туралы. Aluminium of Kazakhstan - бұл Hoffman тауар белгісінің алюминий профильдерін экструзиялауға маманданған кәсіпорын.

Кәсіпорын 2015 жылдан бері, Алматы қаласында, 14 000 шаршы метр аумақта жұмыс істейді. Жылына 12 000 тонна - бұл зауыт көрсеткіші. Ал «Қазақстан электролиз зауыты» кәсіпорынға шикізат жеткізуші болып табылады. Үздіксіз өндірістік желіде бірден 7 цех бар: құйма, пресс, бетті дайындау, бояу, анодтау, аспаптық және де орау үшін.

Aluminium of Kazakhstan - Schüco неміс бренді үшін профиль шығаратын Қазақстандағы жалғыз зауыт. Дайын өнімнің 35% шетелге жіберіледі. Компания Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, Ресеймен, Украинамен және жақында Польшамен сауда қарым-қатынасын сәтті құруда. Бұған «KazakhExport» - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы көмектеседі.

https://24.kz/ru/tv-projects/made-in-kz/item/498726-profili-dlya-okonnykh-sistem-made-in-kz