Алматы кәсіпкерлеріне шетелдік нарықтарға шығу тәсілдері ұсынылды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Алматы кәсіпкерлеріне шетелдік нарықтарға шығу тәсілдері ұсынылды

22 ақпанда Алматы қ. және Алматы облысы әкімдіктерінің қолдауымен кәсіпкерлердің  «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы АҚ) және «KAZNEX INVEST» Экспорт жөніндегі Ұлттық агенттігінің өкілдерімен кездесуі өтті.

Кәсіпкерлер  Бәйтерек холдингінің еншілес ұйымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ жүзеге асыратын мемлекеттік қолдау шараларын ұсынды, олардың қатарында: экспорт алды қаржыландыру, экспорттық сауда қаржыландыруы, экспортшының кредитін сақтандыру, лизингіні сақтандыру, банк кепілдігін сақтандыруды атауға болады.

Өз кезегінде, кездесуге қатысқан Шанхай қ. «Казахстан» Сауда үйінің және Zoodel b2b сауда онлайн-алаңының өкілдері алматылық кәсіпкерлерге олардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қазақстандық өнімді Қытай және Иран нарықтарына қалай шығаруға болатыны туралы айтып берді: логистикалық желіні қолайландыру, мәміле бойынша оңтайлы серіктесті табу, өнімді Қытай нарығына шығару үшін оны қалай сертификаттау керектігі, әлеуетті серіктестермен делдалсыз, тікелей байланыс орнату. 

2016 жылы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ құралдарын пайдаланған 32 отандық өндіруші Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия, Түркменстан, Беларусь, Грузия және Германия нарықтарына шығар кезде жалпы сомасы 19,5 миллиард теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көріп, 1193 экспорттық жөнелтім жасаған. 

2016 жылы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ экспортшылардың қарыздары мен азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға лицензиялар алды. Енді экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға қарыздарды сақтандыру және алғытөлемдерді сақтандыру сияқты қолдау көрсету құралдары қолжетімді