Қазақстан халвасын қалай жасайды? | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Қазақстан халвасын қалай жасайды?

«Хабар» 24 телеарнасындағы «Made in KZ» бағдарламасының кезекті шығарылымында шығыс тәттілерінің бірі қалай жасалатыны туралы.

Қазақстанда халва өндірумен айналысатын кәсіпорындар онша көп емес. «Алматинский продукт» зауыты бұл нарықта үлкен ойыншы болып табылады. Бұл зауытта халва өндіру үш кезеңнен тұрады - күнбағыс массасын дайындау, карамель сиропын дайындау және илеу. «Алматы продукттың» мамандары рецептті және дайындау техникасын қатаң сақтайды, осының нәтижесінде өнім жоғары сапалы болады. Негізгі шикізат - бұл өндіріс үшін Алматы облысынан әкелінген күнбағыс шекілдеуіктері.

«Алматинский продукт» зауытының ассортиментіне кондитерлік өнімдердің 250 түрі кіреді, олар халва өндіру бойынша республикада бірінші орында. Барлық өндірілген өнімнің жалпы көлемі 18 мың тоннадан асады. Ал зауыт өнімдерін көрші және алыс шетелдегі дүкендерінен табуға болады. Бұған «KazakhExport» - «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне бағынысты ұйымы көмектеседі.

https://24.kz/ru/tv-projects/made-in-kz/item/497599-almatinskij-produkt-khalva-made-in-kz