«Дармен Сәдуақасов кубогы-2021» жылдам шахматтан турнир жеңімпаздары марапатталды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Дармен Сәдуақасов кубогы-2021» жылдам шахматтан турнир жеңімпаздары марапатталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ - 5-14 тамыз аралығында өткен «Дәрмен Сәдуақасов кубогы-2021» жылдам шахматтан турнирдің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі «Бәйтерек» холдингінің ғимаратында өтті, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА.

Турнирдің жүлде қоры 1 500 000 теңгені құрады. Жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 7-17 жас аралығындағы 240-тан астам жасөспірімдер қатысты.

Бірінші және екінші кезеңдер онлайн-форматта Lichess.org платформасында қатысушыларды ZOOM бейнеконференциясында мониторингтеумен өтті. Үздік нәтижелерді көрсеткен спортшылар 14 тамыз күні оффлайн-режимде өткен олимпиадалық жүйе бойынша плей-офф кезеңінде ойнады.

Нәтижесінде жеңімпаздар үш жас санатында анықталды:

9 жасқа дейінгі санат:

1 орын - Сауран Бекмұханов (Орал);
2 орын - Рамазан Амангелді (Ақтау);
3 орын - Тимур Душатов (Алматы);
4 орын - Альбина Қайырбекова (Қарағанды).

13 жасқа дейінгі санат:

1 орын - Даниял Сапенов (Қарағанды);
2 орын - Ерғали Сүлеймен (Нұр-Сұлтан);
3 орын - Зарина Нұрғалиева (Атырау);
4 орын - Инаят Болат (Нұр-Сұлтан).

17 жасқа дейінгі санат:

1 орын - Қазыбек Нөгербек (Нұр-Сұлтан);
2 орын - Шыңғысхан Саржанов (Қостанай);
3 орын - Алуа Нұрманова (Алматы);
4 орын - Нұрдәулет Таңатов (Қызылорда).

Жүлдегерлерді турнирдің тең ұйымдастырушысы болған ұйымдардың басшылары - «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов, «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма төрағасы, Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Руслан Искаков және «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Алмас Құдайберген марапаттап, құттықтады.

- Біз турнирді екінші жыл өткізіп отырмыз. Пандемияға орай шектеу шараларына байланысты өткен жылы біз оны онлайн-режимде өткіздік. Биыл санитарлық шараларды сақтай отырып, жеңімпаздарды шақыра отырып, марапаттауды ұйғардық. Ойындар өте қызықты әрі тартымды болды, - деді Айдар Әріпханов, және балаларға арнаған сөзінде бүгінгі жүлдегерлер болашақта Қазақстанның мақтанышы болатынына сенім білдірді.

https://www.inform.kz/ru/nagrazhdeny-pobediteli-turnira-po-bystrym-shahmatam-kubok-darmena-sadvakasova-2021_a3826402