Ескертілген, демек қаруланған | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Ескертілген, демек қаруланған

«KazakhExport» ЭСК» АҚ қызметкерлері үшін «Коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау туралы» онлайн-семинарды Қоғамның Адам ресурстарын басқару департаменті «Халық» сақтандыру компаниясы» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Бір жарым сағат бойы «Меди-Сервис» ассистанс компаниясы» ЖШС сервистік қызмет көрсету басқармасының бастығы, микробиология саласындағы медицина ғылымдарының кандидаты, медицина магистрі, тәжірибелі педиатр-инфекционист Эльмира Алиби вакциналаудың негізгі қағидаттары, вакциналардың қазіргі түрлері және олардың әрекет ету алгоритмдері, коронавирустық инфекциямен ауырып тұрғаннан кейінгі асқынулар, вакциналау рәсіміне дайындық және оның қарсы көрсетімдері туралы әңгімелеп берді.

Эльмира Алиби қазіргі уақытта әлемде әзірленіп жатқан коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналар құрамы жағынан әртүрлі - бұл өлген вирустың бөлшектері немесе басқа вирустар, мысалы, аденовирус, немесе SARS-CoV-2 коронавирусының рекомбинантты белоктарының қоспасы болуы мүмкін тасымалдаушыларға еккен вирустың РНҚ бөлшектері екенін түсіндірді.

Оның айтуынша, кез келген егуді алу кезінде температураның көтерілуі, бас ауруы, инъекция орнының ауыруы және қызаруы, лоқсу секілді қысқа мерзімді қолайсыз көріністер пайда болу ықтималдығы бар.

Сонымен қатар иммунитеті нашар адамдарда аурудың салдары анағұрлым ауыр болуы мүмкін. Бұл ұзақ мерзімді неврологиялық өзгерістер, жүрек-қан тамырлары жүйесінің зақымдануы, созылмалы шаршау, ұйқысыздық, ұзақ уақыт сақталатын үрей қорқынышы.

- Әрине, вакциналау туралы шешімді әркім саналы түрде қабылдауы тиіс. Ол үшін біз егжей-тегжейлі түсініктеме беруге дайынбыз. Аурудан болатын қауіп-қатердің қаншалықты жоғары екенін және өзіңіз бен жақындарыңызды уақтылы сақтандыру керектігін түсіну маңызды, - деді дәріс барысында Эльмира Болатқызы.

Оның айтуынша, COVID-19-ға ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін антидене халықтың 70%-да қалыптасуы тиіс.

Онлайн-кездесу соңында дәрігер тыңдаушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берді.