Бәйтерек Еуропаның компанияларымен ынтымақтастықты кеңейтеді: Ерболат Досаев Бельгия мен Италияда бірқатар маңызды кездесулер өткізді | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Бәйтерек Еуропаның компанияларымен ынтымақтастықты кеңейтеді: Ерболат Досаев Бельгия мен Италияда бірқатар маңызды кездесулер өткізді

«Бәйтерек» ҰБК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ерболат Досаев Бельгия мен Италияға жұмыс сапарымен барып қайтты, оның барысында ірі қаржы институттары мен компаниялардың басшыларымен ынтымақтастық мәселелері бойынша бірқатар іскерлік кездесулер өткізілді. 

Брюссельде Холдинг басшысы «AWEX» бас директоры Шанталь Де Блёмен және «CredendoGroup» бас директоры және атқарушы комитетінің төрағасы Дирк Терведювемен кездесті.

Тараптар экспортты ілгерілету және инвестициялар тарту саласындағы ынтымақтастықтың, сондай-ақ сыртқы сауданы ілгері жылжытып, шетелдік инвестицияларды тартуды қолдау мақсатында, „KazakhExport“ ЭСК АҚ (Холдингтің еншілес ұйымы) және „AWEX“ бірлескен платформасын құру келешегін талқылады. Келіссөздер барысында Ерболат Досаев „KazakhExport“ экспортқа қолдау көрсету механизмдерінің аясын кеңейткенін атап өтті. Олардың қатарында мемлекеттік кепілдіктер ұсыну, экспортты қаржыландыру бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және Холдингтің басқа еншілес компанияларын қолдау механизмдерімен ықпалдастыруды атауға болады. Өз кезегінде бельгиялық тарап талқыланатын бастамалардың имплементациялану мүмкіндігіне қызығушылығын білдірді.

Сонымен қатар, Холдингтің еншілес ұйымының, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС-нің желісі бойынша жобалық қызмет саласындағы ынтымақтастық мәселесі қарастырылды. Оның мүмкіндіктері туралы айта келе, Ерболат Досаев «Қор жобаның тәуекелдерін әлеуетті инвесторлармен және қарызгерлермен бөлісе отырып, «табыс үшін төлем» негізінде жобалардың әрленуін олардың қаржылық жабылуына дейін қаржыландырады» деп көрсетті. Бельгиялық тарап әлеуетті жобаларды іздеу және бірге қаржыландыру бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын екендігін айтты. 

«CredendoGroup» бас директоры және атқарушы комитетінің төрағасы Дирк Терведювемен кездесу барысында Ерболат Досаев сыртқы сауданы қолдау және ілгерілету, шетел инвестицияларын тарту бойынша бірыңғай механизм құру мәселесін талқылады. Бельгиялық тарап толық ақпарат алудың маңыздылығын атап өтті.

Римде Ерболат Досаев «CassaDepositi e prestitiGroup» компаниясының бас және қаржы директоры Фабио Галлиамен және Антонелла Балдиномен, «Simest» Директорлар Кеңесінің төрағасы Сальваторе Ребеччинимен және «SACE» басқарушы директоры Тереза Сапонарамен, «Confindustria» халықаралық істер жөніндегі басқарушы директоры Камилла Чионини Визанимен және «ICE» Ілгерілету жөніндегі үйлестіру кеңсесінің директоры Джованни Саччимен келіссөздер өткізді.

Директорлар Кеңесінің төрағасы Сальваторе Ребеччинимен және «SACE» басқарушы директоры Тереза Сапонарамен өзара сауда саласындағы ынтымақтастық және экспортты көрші нарықтарға бірлесіп ілгерілету мәселелері талқыланды. Италиялық тарап итальян бизнес мүдделерін ілгерілету және өңірге ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту механизмдерін әзірлеуге қатысты қызығушылық танытатынын білдірді. 

Сонымен қатар, «Байтерек» Холдингінің «SACE» және «Simest» компанияларымен өзара ынтымақтастық мәселелері қарастырылды, атап айтқанда, инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларға ұзақ мерзімді инвестициялар тарту мәселесі. Қазақстандық тарап итальян компанияларының Холдингтің еншілес ұйымдарымен — «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС және «Kazyna Capital Management» АҚ-мен ынтымақтастығын тереңдету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Confindustria» халықаралық істер жөніндегі басқарушы директоры Камилла Чионини Визанимен кездесу барысында Ерболат Досаев ЭКСПО-2017 аясында бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.

«ICE» ілгерілету жөніндегі үйлестіру кеңсесінің директоры Джованни Саччимен кездесу барысында Холдинг басшысы қазақстан-итальян ынтымақтастығының келешегін талқылады.