Президент экспорттық кредиттерді субсидиялауды ұсынды | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Президент экспорттық кредиттерді субсидиялауды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлардың отырысында экспорттық кредиттерді субсидиялай бастауды ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

«Қазақстанда әлемде кеңінен қолданылатын экспорттық кредиттерді субсидиялау құралы әлі қолданылмайды. Жақын арада оны экспортты қолдау құралдарының желісіне қосу керек. Экспортты қаржылық қолдаудың бірыңғай операторы KazakhExport  үшін дұрыс реттеуші режимді қарастыру қажет».
- Қасым-Жомарт Тоқаев

Ол экспорттаушылар ақшаны жедел және артық бюрократиясыз, бірақ ақылмен және есеп берумен жұмсауы тиіс екенін атап өтті.

Бұған дейін Президент экспорттық тауарлардың географиясын кеңейтуді тапсырған болатын.

Дереккөз: https://www.zakon.kz/5071979-subsidirovat-eksportnye-kredity.html