«KazakhExport»-тың қолдауымен қазақстанды шығарылған автомобильдерді Тәжікстанға жеткізу басталды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport»-тың қолдауымен қазақстанды шығарылған автомобильдерді Тәжікстанға жеткізу басталды

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы - «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы AllurGroup компаниялар тобына кіретін «СарыарқаАвтоПром» зауытына қаржылы-сақтандыру қолдауын көрсетті.

Жеткізулер 600 мың АҚШ доллары сомасына 55 дана JAC S3 автомобилінің бірінші топтамасынан басталды.  Жобаның шеңберінде барлығы 1000 дана JAC автомобильдері жеткізілетін болады. Жобаның жалпы құны $10,5 млн. болып бағаланады.

«Экспорттық сауданы қаржыландыру құралы отандық өндіруші-зауытқа сатып алушы үшін кешенді ұсыныс жасауға: тиімді қаржыландырумен автомобильдер жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік берді, бұл ретте зауыттың өзі шетелдік сатып алушының төлемей қою тәуекелінен «KazakhExport»-тың сақтандыруымен қорғалған», - деп түсіндірді «KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Искаков.

 «KazakhExport» басшысының сөзіне қарағанда, сәуір айында AllurGroup компаниясы «Бәйтерек» Холдингі еншілес ұйымының және Қазақстанның Тәжікстандағы Елшілігінің қолғабыс көрсетуімен «Холдинг Азия Групп Таджикистан» ЖАҚ-мен келісімге қол қойды, оның шеңберінде Душанбеге 2018 жылдың соңына дейін Тәжікстан астанасының таксомотор паркін жаңарту үшін қазақстанда шығарылған автомобильдер жеткізілетін болады.  Жоғары өткіштігі мен бағасының қолжетімділігі есебінен Қостанайда шығарылатын JAC S3 кроссоверлері таңдалып отыр.

Автомобильдерді тиеп-жөнелту Қостанайдағы зауыт аумағында орналасқан уақытша сақтау қоймасынан теміржол тасымалдары жолымен жүзеге асырылады. 5 вагонға тиелген бірінші топтамасы Тәжікстан астанасына 25 маусымда жөнелтілді.

Анықтама үшін:

  «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы. «KazakhExport» миссиясы – экономиканың басым секторларындағы шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсіміне қолдау көрсету және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылмай емес қолдау практикасын қалыптастыру. Баспасөз қызметі: +7 727 250 00 21 (ішкі 134), сайт www.keg.kz

    «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі  ҚР Президентінің Жарлығымен даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту мақсатында құрылды. Холдингтің негізгі миссиясы  мемлекеттік саясатты іске асыру, әлеуметтік бағытталған міндеттерді шешу және «Стратегия – 2050»-де қойылған мақсаттарға қол жеткізу мақсатында экономиканың басым секторларын қаржыландыру және қолдау көрсету арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына қолғабыс көрсету.

AllurGroup

AllurGroup құрамына «Агромашхолдинг» және «СарыарқаАвтоПром» өндіріс алаңдары, AllurAuto дилерлік және дистрибьюторлық желісі кіреді. AllurGroup – бұл қуаттылығы негізінде ұсақ торапты әдіс (CKD) бойынша жеңіл автомобильдерді шығару жүзеге асырылатын Қазақстандағы жалғыз компания. 

Сондай-ақ өндірістік алаңдарда және «СарыарқаАвтоПром»-да SsangYong, Peugeot, JAC, Hyundai, Ravon, СhevyNiva автомобильдері және Iveco мен JAC коммерциялық техникасы шығарылады.

AllurGroup Қазақстан аумағында SsangYong, Peugeot, Iveco, JAC брендтерінің дистрибуциясын қамтиды. AllurGroup-ке кіретін AllurAuto компаниясы Mitsubishi, Suzuki, Ford және Ravon автомобиль маркаларының ресми дилері болып табылады.

Холдинг Азия групп Таджикистан

«Холдинг Азия групп Таджикистан» ЖАҚ 2012 жылы құрылды. Ол Тәжікстан Республикасындағы ең ірі компаниялардың бірі болып саналады және қызметінің бірнеше бағыты бар. Холдинг автомобиль тасымалдары және авиакөлік саласында жұмыс істейтін бірнеше көлік компанияларын қамтиды.