Ақтөбе облысының кәсіпорындары шетелдік нарықтарға бағытталған | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Ақтөбе облысының кәсіпорындары шетелдік нарықтарға бағытталған

Ақтөбе облысының өндірушілері Ресейге, Қытайға, Ауғанстанға және басқа елдерге өнім жеткізуді арттыруда.

Мысал ретінде Green Capital Kazakhstan жылыжайы, онда 4,1 млрд теңгеге 5 га жобаның екінші кезегінің құрылысы аяқталуда. Компанияның қаржы директоры Эмиль Милушевтің айтуынша, қазір олар пайдалануға беру актісін алуды күтуде.

«Өндіріс 2020 жылдың желтоқсанынан басталады, ал жылына 3 мың тонна көлемінде қызанақ  өнімін жинау 2021 жылдың наурыз айында басталады», – деді Милушев.

Сұхбаттасушы бірінші және екінші кезеңдердің есебінен, жылыжайдың қуаттылығы жылына 7-7, 2 мың тоннаны құрайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, 2021 жылдың соңында, құны шамамен, 30 млн еуро болатын жобаның үшінші кезеңін ашу жоспарлануда. Сұхбаттасушы содан кейін, кем дегенде 5 га, максимум 10 га көлеммен жылыжай ашылуы мүмкін екенін түсіндірді.

«Жоба Еуропалық инвесторлармен бірлесіп жүзеге асырылуда. 20 га жылыжайдың жалпы қуаттылығы жылына 14 мың тонна қызанақты құрайды. Негізінен, Ресейге 70-80%-ын, қалған үлесін Қарағанды және Ақтөбе облыстарына экспорттаймыз», – деді Милушев.

Оның мәліметінше, бірінші кезең іске қосылған сәттен бастап 6 мың тонна қызанақ жиналды. Сұхбаттасушы жобаның ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысты компаниясы «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы «KazakhExport» ЭСК»-тан Сбербанк Қазақстан берген жалпы сомасы 9 млрд теңгені құрайтын екі кредитті, сондай-ақ ұлттық компания экспорттық сақтандыруды ұсынғанын айтты.

Өз кезегінде Green Capital Kazakhstan Бас директоры Дирк Алевен қарыздар саяси және коммерциялық тәуекелдерден бірнеше жылға сақтандырылғанын хабарлады.

«Біз, сондай-ақ, экспортты сақтандыру сияқты KazakhExport өнімін табысты пайдаланамыз, ол біздің сатып алушыларымызға неғұрлым тиімді шарттар ұсынуға мүмкіндік береді және сол арқылы Green Capital Kazakhstan компаниясының Ресей мен Қазақстанның жаңа піскен көкөністер нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін жақсартады», - деп түйіндеді Бас директор.

Сондай-ақ, «Ново-Альджинский мелькомбинат» экспорттық әлеуеті артуда, ол өз өнімін GRANUM брендімен Қытайға, Ресейге, Түркіменстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Моңғолияға, Ауғанстанға жеткізіп жатыр.

Кәсіпорынның бас директоры Қайыржан Наурызғалиевтің айтуынша, олар осы жылы KazakhExport компаниясының арқасында өндірушілерді қолдау бағдарламалары бойынша 2,5 млрд теңгеге келісімшарттар жасаған.

Сұхбаттасушы қазіргі уақытта мелькомбинат KazakhExport желісі бойынша Өзбекстан, Қырғызстан бойынша жалпы сомасы $105 мың болатын үш экспорттық келісімшартты сақтандырғанын атап өтті.

«Бір келісімшарт бойынша сақтандыру жағдайы орын алды, бірақ ұлттық компания қол қойылған сақтандыру шарты аясында өзінің барлық міндеттемелерін орындауда. Жалпы алғанда, қолдау бағдарламасы қазақстандық өндірушілерге экспорттық нарықта неғұрлым бәсекеге қабілетті, шетелдік тұтынушы үшін танымал болуға және қамту географиясын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Оның үстіне отандық тауарлар өздерін жоғары сапалы және экологиялық өнім ретінде көрсетті», - деп түйіндеді Наурызғалиев.

Анықтама

Ақтөбе облысының экспорты 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте $1,36 млрд, ал импорты $666,93 млн құрады.

Дереккөз:

https://lsm.kz/predpriyatiya-aktyubinskoj-oblasti-nacelilis-na-zarubezhnye-rynki