Шанхай көрмесіне дайындық. Қазақстандық өндірушілер Қытай нарығын бағындыруда | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Шанхай көрмесіне дайындық. Қазақстандық өндірушілер Қытай нарығын бағындыруда

Шанхайда 5-10 қараша аралығында Шанхайда  CIIE 2020 Импорттық тауарлар мен қызметтердің Қытай ІІІ халықаралық көрмесі өтеді,онда  отандық 35 компанияның тамақ өнімдері ұсынылатын болады.  Осы тізімдегі 27 компания Сауда және интеграция министрлігі PricewaterhouseСoopers халықаралық әріптестерімен бірлесіп іске қосқан, ағымдағы жылы іске қосылған  «QazTrade ACCELERATOR» бірінші экспорттық акселерация бағдарламасының қатысушылары болып табылады.

Акселерация бағдарламасында компаниялар тереңдетілген оқытудан өтіп, қажетті экспорттық құзыреттер алды. Қазақстандық тауарлар  тоғыз тауар тобы  позициялары бойынша ұсынылатын болады, олардың ішінде кондитерлік өнімдер, ет және консервіленген ет өнімдері, тұз, ұн тарту өнеркәсібі өнімдері және крахмал өнімдері, тұздықтар, майлар, жануарлар мен өсімдік майлары, сүт өнімдері, сусындар мен балық,  қайта өңделген және консервіленген шаян тәрізді мен моллюскалар  өнімдері бар.

COVID-19 пандемиясының таралуына қарамастан, Қазақстандық компаниялардың халықаралық іс-шараға қатысу мүмкіндігі болды және гибридті форматта-онлайн/офлайн өтетін болады. Өнімнің үлгілері қойылады, сондай-ақ көрме барысында Қытайдан әлеуетті сатып алушылармен шамамен 70 B2B-келіссөз жүргізіледі. Өңделген өнімнің экспортын қолдаудың қаржылық емес шараларын көрсетуден басқа, Қазақстанда экспорттаушыларға қаржылық қолдау көрсетудің дамыған жүйесі де бар.

Осылайша, «KazakhExport» ЭСК» АҚ - Сауда министрлігінің ведомстволық бағынысты компаниясы отандық өнімдерді Қытай Халық Республикасының нарығында ілгерілету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. KazakhExport-та отандық экспорттаушылардың  орыс, ағылшын және қытай тілдеріндегі каталогы әзірленіп, ол  Бәйтерек «ҰБХ» АҚ-дан қолдау алған. Каталогта 234 қазақстандық өндіруші ұсынылған, олардың 70-і,  жоғарыда аталған ШИК-тің 35 қатысушысын қоса алғанда, ҚХР-ға экспорттауға рұқсаты бар. Каталог Қазақстанның шетелдегі мекемелері арасында таратылады.

Сонымен қатар, каталог KazakhExport-тың қытайлық контрәріптестеріне, ҚХР-дың мемлекеттік ұйымдарына, қазақстандық өнімге мүдделі әлеуетті импорттаушыларға жіберілді. Жуық арада, 23 қазанда KazakhExport «Hunan провинциясында қазақстандық өнімді ілгерілету» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырды, оған Hunan Zhonghong Management Co LTD, Mitsui Co.LTD қытайлық компаниясының өкілдері және қазақстандық бизнес өкілдері қатысты. Семинар барысында KazakhExport-ты қолдаудың негізгі қаржы-сақтандыру шаралары ұсынылды, ҚХР-ға өнімдерді экспорттау кезінде өндірушілерге ұшырасатын негізгі проблемалық мәселелер талқыланды. Жақын арада Хубэй, Чжэцзян және Шэньси провинцияларының импорттаушыларымен онлайн-семинарлар ұйымдастыру жоспарлануда.  Қытайдың әлеуетті импорттаушыларын ШИК шеңберінде өтетін  Қазақстан Республикасының Ұлттық стендін  көруге тарту мақсатында Қытайдың WeChat әлеуметтік желісінде бірқатар мақалалар жариялау ұйымдастырылды («Kazir-Agro» компаниясының қазақстандық мақсары майының ҚХР-ның сауда желілеріне шығуы»,  «Eurasian Invest» компаниясының ҚХР-ға түйенің құрғатылған сүтін алғаш рет жеткізуі»  және «Қазақстан Республикасының 35 өндірушісінің Шанхай импорттық көрмесіне қатысуы»).

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Аслан Қалиғазиннің айтуынша, Қазақстанның экспорттық әлеуетін дамыту үшін ҚХР нарығы басым бағыттардың бірі болып табылады. «Мұнда қазақстандық өнімдердің  сапасының жоғарылылығы және экологиялылығы туралы атап өтеді. Біздің міндетіміз қазақстандық экспорттаушылар үшін қолайлы жағдай жасау, оларға Қытайда коммерциялық байланыстарды дамытуға көмектесу, біздің қаржылық сақтандыру құралдарымыздың көмегімен жеткізу көлемін ұлғайту», - деп түсіндірді ол. Қазіргі уақытта  қазақстандық өндірушілер мен әлеуетті Қытай импорттаушылары арасында онлайн-келіссөздер жүргізу бойынша жұмыс шеңберінде KazakhExport СҰАА, Шэньси, Хубэй, Хунань, Ганьсу, Чжэцзян және Гуандун провинцияларындағы компаниялардың ШИК-ке қатысуға шақырылды.

 

https://www.nur.kz/society/1882714-podgotovka-k-sanhajskoj-vystavke-kazahstanskie-proizvoditeli-pokoraut-rynok-kitaa/

chat Кеңес ал!