«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Алматы қаласы кәсіпкерлерімен кездесуге қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Алматы қаласы кәсіпкерлерімен кездесуге қатысты

30 қаңтарда Алматы қаласы әкімдігінде KaznexInvest экспорт және инвестиция бойынша ұлттық агенттіктің қолдауымен аймақты экспортбағдарлы кәсіпорындарымен кездесу өткізілді. Шараға іске қосылған және әлеуетті экспорттаушы 50 компания қатысты.

Кездесуде «KazakhExport» Export insurance company» joint-stock companyөкілдері алматылық бизнесмендерге индустриялық бағдарламаның екінші бесжылдығы аясында экспорттаушыларға көрсетілетін экспорттық-несиелік қолдаудың құралдары туралы айтып берді.

Алматы барлық республика көлеміндегі көтерме сауда айналымының 46%, сыртқы сауданың 21%, бөлекштік сауданың 27% қаматамасыз етілетін Қазақстандағы ең үлкен аймақ болып табылады. Бірнеше ондыққа таяу кәсіпорын «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам қаржылық-сақтандыру қолдауымен сыртқы экономикалық қызмет саласына қатасып, қазақстандық өнімді шетелдік тарыққа өткізіп отыр. KaznexInvest мәліметінше, қаланың 204 компаниясы мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланған, соның негізінде 256,9 млн. АҚШ долларынан астам сомаға экспорттық келісімшарттар жасасқан.

Әдетте Алматыдан экспортқа автокөліктер, мұнайгаз жабдықтары, құрылыс материалдары, жылтыр сыр-бояу өнімдері, дәрі-дәрмек, медициналық тұтыну бұйымдары, тоқыма бұйымдары, азық-түлік өнімдері ішінен – ұн, макарон өнімдері, алкогольсіз сусындар мен кондитерлік өнімдер жүреді.