«KazakhExport» ЭСК» АҚ Жалғыз акционері қабылдаған шешімдер туралы ақпарат | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Жалғыз акционері қабылдаған шешімдер туралы ақпарат

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның Жалғыз акционері күн тәртібінің «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы Жалғыз акционерінің 2017 жылғы 27 қыркүйектегі шешімімен (№ 37/17 хаттама) бекітілген «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының Жарғысына өзгерту мен толықтыру енгізу туралы», «2017 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының жылдық қаржы есептілігін, аяқталған қаржы жылы үшін таза табысты бөлу тәртібін және бір акцияға шаққан дивидендтер мөлшерін бекіту, акционердің «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне жүгінулері туралы ақпаратты назарға алу туралы, сондай-ақ 2017 жылы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшері және құрамы туралы» мәселелерін қарау қорытындысы бойынша келесі шешімнің («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 14/18 хаттамасы) қабылданғанын хабарлайды:

  1. Осы хаттамаға № 1 Қосымшаға сәйкес «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі шешімімен (№ 37/17 хаттама) бекітілген «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының Жарғысына өзгерту мен толықтыру енгізілсін.
  2. Осы хаттаманың № 6 қосымшасына сәйкес 2017 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) жылдық қаржы есептілігі бекітілсін.
  3. Қоғамның (заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Зенков көшесі, 80/4, нақты мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55 «А» үй, деректемелері «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, ЖСК KZ626010131000096412, HSBKKZKX, БСН 030840002763, Кбе 15) 2017 қаржы жылының ішінде алынған 2 131 295 755,37 (екі миллиард жүз отыз бір миллион екі жүз тоқсан бес мың жеті жүз елу бес теңге отыз жеті тиын) мөлшеріндегі таза табысын бөлудің келесі тәртібі бекітілсін:
    1. 639 388 740,80 (алты жүз отыз тоғыз миллион үш жүз сексен сегіз мың жеті жүз қырық) теңге 80 (сексен) тиын мөлшеріндегі сома «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Жалғыз акционер) таза табыс сомасының 30% есебінен дивиденд төлеуге бағытталсын;
    2. таза табыстан қалған 1 491 907 014,57 (бір миллиард төрт жүз тоқсан бір миллион тоғыз жеті мың он төрт) теңге 57 (елу жеті) тиын мөлшеріндегі бөлігі Қоғамның иелігіне қалдырылсын.
  4. Дивиденд мөлшері Қоғамның бір жай акциясына шаққанда 7 098,01 (жеті мың тоқсан сегіз) теңге бір тиын мөлшерінде бекітілсін.
  5. Қоғам дивидендтер төлеуді Жалғыз акционерінің Қоғам акцияларын ұстаушылары тізілімінің жүйесінде көрсетілген банк шотына осы шешім қабылданған кезден бастап 90 (тоқсан) күннен кешіктірмей қолма-қол ақшасыз аудару жолымен ақшалай нысанда жүргізсін.
  6. Дивидендтер төлеу басталатын күн – 2018 жылғы 30 сәуір болып белгіленсін.
  7. Жалғыз акционердің 2017 жылы Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне жүгінулерінің болмауы туралы ақпарат назарға алынсын.
  8. Осы хаттамаға № 8 қосымшаға сәйкес 2017 жылы Қоғамның Директорлар кеңесі және Басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшері және құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.

Осы шешім Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімі болып табылады.

Қоғамды корпоративтік басқаруға қатысты мәселелер бойынша Қоғамның Корпоративтік хатшысы Альфия Давлетоваға жүгіне аласыздар.