ЭКА Тәжікстандағы халықаралық инвестициялық форумға қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

ЭКА Тәжікстандағы халықаралық инвестициялық форумға қатысты

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (ЭКА) Тәжікстан Республикасындағы өңірлік кеңсесі Бохтар қаласында өткен «Хатлон Инвест – 2026» халықаралық инвестициялық форумына қатысты.

Ауқымды іс-шара әлемнің 30 елінен келген 300-ден астам шетелдік инвесторды, кәсіпкерді және халықаралық қаржы институттарының өкілдерін біріктіріп отыр. Форумның негізгі мақсаты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, тікелей инвестициялар тарту және Орталық Азия өңіріндегі кооперациялық байланыстарды нығайту болды.

Іскерлік бағдарлама аясында бизнесті цифрландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, логистика, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қосылған құн тізбектерін интеграциялау мәселелері талқыланды. Форум жұмысы өнеркәсіпті жаңғыртуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге және экспортқа бағдарланған тауарлар өндіруге арналған мамандандырылған сессиялармен жалғасты.

Форум барысында ЭКА өңірлік кеңсесінің өкілдері Хатлон облысының Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен және жергілікті кәсіпкерлермен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. Тараптар өзара ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын, қазақстандық экспорттаушыларды қаржылық-сақтандыру арқылы қолдау құралдарын, сондай-ақ отандық өнімдерді Тәжікстан нарығында ілгерілету тетіктерін қарастырды.

«Хатлон Инвест – 2026» форумы халықаралық қоғамдастықтың сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға және жаңа инвестициялық мүмкіндіктер қалыптастыруға деген жоғары қызығушылығын растады. Аталған іс-шараға қатысу Агенттікке шетелдік серіктестермен тікелей диалог орнатуға, қазақстандық өнімдерді жеткізу географиясын кеңейтуге және еліміздің шикізаттық емес экспорттық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік берді.

consultation Кеңес ал!