ЭКА XXII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

ЭКА XXII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-ның Татарстан Республикасындағы өңірлік директоры Ренат Қалиев Қазақстан мен Ресейдің XXII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты.

Ресей-Қазақстан іскерлік кеңесінің кеңейтілген отырысы аясында Ренат Қалиев «Өңірлердің әлеуеті: өңіраралық өзара іс-қимылдың жаңа форматтары» тақырыптық блогында спикер ретінде сөз сөйледі.

Өз сөзінде ол ресейлік-қазақстандық экономикалық серіктестікті одан әрі дамыту жекелеген сыртқы сауда мәмілелерін сүйемелдеуден екі ел өңірлерінің әлеуетін, өндірістік кооперацияны, қаржылық құралдарды, көліктік-логистикалық шешімдерді біріктіретін бірлескен өңіраралық жобаларды іске асыруға көшуге байланысты екенін атап өтті.

Қазақстандық экспорттаушыларға сақтандыру және қаржылық қолдауды қамтамасыз ететін негізгі даму институттарының бірі ретінде Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің рөліне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, 2025 жылы ЭКА қолдауымен Қазақстанның шикізаттық емес өнімдерін Ресей Федерациясына экспорттауды сақтандырумен қолдау көлемі 224 млрд теңгені құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен (135,3 млрд теңге) айтарлықтай жоғары. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қабылданған сақтандыру міндеттемелерінің көлемі 201 млрд теңгеге жетті. Қолдау агроөнеркәсіптік кешен, тамақ, химия және жеңіл өнеркәсіп, сондай-ақ металлургия секторының кәсіпорындарына көрсетілді.

Бұдан бөлек, Ренат Қалиев форумның іскерлік бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған іскерлік байланыстар биржасына қатысты. Бұл алаң бірқатар жұмыс кездесулері мен келіссөздер жүргізу, жаңа серіктестер табу және өнеркәсіп, құрылыс, машина жасау, химия саласы, агроөнеркәсіп кешені, логистика және сауда салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін Ресей мен Қазақстан бизнес өкілдерінің басын қосты.

Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің форумға қатысуы қазақстандық шикізаттық емес экспортты мемлекеттік қолдау құралдарының мүмкіндіктерін таныстыруға, ресейлік серіктестермен өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ жаңа бірлескен жобаларды іске асыру және Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін перспективалы бағыттарды айқындауға мүмкіндік берді.

consultation Кеңес ал!