ЭКА қызметкерлері «Run for Autism» қайырымдылық жүгірісіне қатысты
Астанада Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру айлығына орайластырылған жыл сайынғы «Run for Autism» қайырымдылық жүгірісі өтті. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға бағытталған ауқымды спорттық іс-шараға «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ (ЭКА) қызметкерлері қатысты.
Елорданың игі дәстүріне айналған қайырымдылық марафоны осымен төртінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Бастаманың басты мақсаты — инклюзивті білім беруді дамытуға қаражат жинау және қоғам назарын аутизм спектрі бұзылған (АСБ) адамдарды бейімдеу мәселелеріне аудару.
Биылғы жылы стартқа 5000-ға жуық қатысушы шығып, 1 км, 2,5 км, 5 км және 10 км қашықтықтар бойынша бақ сынасты.
ЭКА ұжымының жүгіріске қатысуы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатының бір бөлігі болып табылады. Ұжым атынан сөз алған Фариза Исанова қолжетімді ортаны қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті:
«Біздің команда үшін Run for Autism-ге қатысу — бұл, ең алдымен, ынтымақтастық белгісі. Аутизм — қоғамнан эмпатияны және инклюзивті жағдайлар жасауды талап ететін даму ерекшелігі. Мұндай старттарға қатысу АСБ бар балаларды қолдауға іс жүзінде үлес қосуға және әрбір азаматты қабылдаудың маңыздылығын есте сақтауға мүмкіндік береді. Біз әріптестеріміз бен серіктестерімізді қоғамымыздағы бірлік пен өзара көмекті нығайтуға ықпал ететін осындай бастамаларды жиі қолдауға шақырамыз».
Марафон аясында жиналған барлық қаражат инклюзивті бағдарламаларды іске асыруға және мамандандырылған орталықтарды материалдық-техникалық жарақтандыруға бағытталады.
Агенттік азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және инклюзивті қоғам принциптерін дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдауды жалғастыра береді.
Анықтама үшін:
«Run for Autism» халықаралық жобасын Қазақстанда «Bolashak Charity» қоры жүзеге асырады. 2023 жылдан бастап жүгірістерге 6,4 мыңнан астам адам қатысты. Жиналған қаражатқа (42,3 млн теңгеден астам) Астана қаласы мен Қостанай облысының мектепке дейінгі мекемелерінде, мектептері мен колледждерінде 25 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды.
Фото: runforautism.kz
