Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі «Экспорттаушылар витринасы» халықаралық цифрлық платформасын іске қосты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі «Экспорттаушылар витринасы» халықаралық цифрлық платформасын іске қосты

«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ еншілес ұйымы) «Экспорттаушылар витринасы» (https://export.bgov.kz ) платформасын іске қосты. Жаңа ресурс отандық өнімдер мен қызметтерді жаһандық нарыққа жаппай шығару мақсатында әзірленіп, шетелдік сатып алушылар назарын аудару үшін әзірленді. Платформа «Made in Kazakhstan» өнімдерінің кеңейтілген каталогын ұсынады. Мұнда негізгі назар нақты тауарларға, олардың сипаттамалары мен тұтынушылық қасиеттеріне аударылған.

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі өкілдерінің айтуынша, Экспорттаушылар витринасының басты ерекшелігі — оның айқын экспорттық бағыттылығы. Платформадағы тауарлар бес негізгі сала бойынша жіктелген: жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік және химия өнеркәсібі, АӨК өнімдері, металлургия, машина жасау және құрылыс саласы.

Іздеу жүйесі әлеуетті сатып алушыларға қажетті өнімдерді кілт сөздер арқылы оңай табуға мүмкіндік береді. Мәселен, белгілі бір сұраныс енгізілген жағдайда жүйе осы санат бойынша қазақстандық өндірушілер ұсынатын барлық қолжетімді ұсыныстарды көрсетеді. Әрбір тауар карточкасында өнімнің толық сипаттамасы мен негізгі техникалық параметрлері берілген. Сонымен қатар пайдаланушы нақты өнім бетінен сол өнімді өндіруші компанияның профиліне бірден өту мүмкіндігіне ие.

«Аталған платформада тек агенттік тарапынан тексеруден өткен, верификацияланған өндірушілер ғана ұсынылған. «ЭКА тексерген» мәртебесі сенімділіктің кепілі ретінде қызмет атқарып, тәуекелдерді азайтады және қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушылар арасындағы өзара іс-қимыл барысында сенімді нығайтады», – деп атап өтті Мадина Ержанова, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Басқарма төрағасының орынбасары.

«Экспорттаушылар витринасы» жобасы қазақстандық бизнес пен халықаралық нарықтар арасындағы цифрлық көпірге айналуды көздейді. Платформа жеткізушілерді іздеу үдерісін жеңілдетіп, отандық брендтердің шетелдегі танымалдығын арттыруға ықпал етеді. Бастама «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі жүзеге асырып отырған шикізаттық емес экспортты қолдау және сыртқы экономикалық қызметті цифрландыру стратегиясы аясында іске асырылды.

consultation Кеңес ал!