Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі ұжымы жаңа Конституция жобасын талқылады

«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Аллен Шәйжүнісов еңбек ұжымымен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған жиын өткізді.

Іс-шара барысында биылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдум саяси жаңғырту бағдарламасын іске асырудағы аса маңызды кезең екені атап өтілді. Биыл 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған негізгі Заң жобасы елдің мемлекеттік-құқықтық архитектурасын сапалы тұрғыдан жаңғыртуға бағытталғаны атап өтілді.

Аллен Шәйжүнісов өз сөзінде ұсынылған жоба мемлекеттің қызмет ету тетіктерін жетілдіруге бағытталған, сонымен бірге институционалдық тұрақтылықты сақтауды көздейтін жан-жақты әрі мұқият ойластырылған жұмыстың нәтижесі екенін жеткізді.

«Негізгі заңды жаңарту мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және құқықтық егемендікті нығайтуға қажетті сапалы жаңа институционалдық негіз қалыптастырады. Экспорттық-кредиттік агенттік үшін бұл ұзақмерзімді жобаларды іске асыруға қолайлы әрі болжамды орта қалыптастыруды, заманауи қаржылық және сақтандыру құралдарын дамытуға, сондай-ақ экономиканың басым секторларына стратегиялық инвестициялар тартуға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді Агенттік басшысы.

Кездесу қатысушыларына конституциялық жаңашылдықтардың негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда:

  • өкілді билік жүйесін трансформациялау: бір палаталы Парламент – Құрылтайға көшу;
  • тікелей қоғамдық диалог институттарын нығайту: жалпыұлттық диалог алаңы ретінде Халық кеңесін құру;
  • атқарушы билік жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасы Вице-президенті институтын енгізу;
  • құқық қорғау блогы: цифрлық ортада адам құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін бекіту және адвокатураның рөлін күшейту.

Сондай-ақ құжатты әзірлеу үдерісінің инклюзивті сипатына ерекше назар аударылды. Қоғамдық талқылау аясында цифрлық платформалар арқылы азаматтардан келіп түскен шамамен 10 мың ұсыныс сарапталып, комиссия жұмысы барынша ашық форматта жүргізілді.

Кездесу соңында Аллен Шәйжүнісов қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, алдағы референдумға белсенді қатысу ел болашағына деген азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі екенін атап өтті.

consultation Кеңес ал!