Кентау трансформатор зауыты KazakhExport-тың арқасында экспорт географиясын кеңейтеді | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Кентау трансформатор зауыты KazakhExport-тың арқасында экспорт географиясын кеңейтеді

«Alageum Electric» Холдингінің құрамына кіретін «Кентау трансформатор зауыты» АҚ-ы KazakhExport-тың көмегімен тиімді шарттармен 825 млн. теңге сомаға экспорт алдындағы қаржыландыруды алды. Енді кәсіпорын Иран, Пәкістан, Моңғолия, Грузия және Армения нарықтарына шығу жөніндегі қарқынды жұмыс жүргізуде.

«Alageum Electric» өкілдерінің айтуынша, KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясының қолдауымен экспорт алдындағы қаржыландыруды алып, зауыт шетел нарықтарындағы бәсекелестік артықшылығын, атап айтқанда экспорттық келісімшарттарды жасасу кезінде төлем мұрсатын беру мүмкіндігін алды. Осының арқасында жаңа нарықтарға шығу жөніндегі келіссөздер басталды.

«KazakhExport-тың тарапынан қолдаудың біздің Холдинг үшін үлкен маңызы бар. KazakhExport-тың арқасында біздің сыртқы сауда операцияларымыз халықаралық шарттар бойынша қаржылық міндеттемелерді орындамау тәуекелінен қорғалған. KazakhExport-пен ынтымақтастық кезеңінде біз Ресей, Тәжікстан, Ауғанстан, Түрікменстан және Қырғызстан нарықтарына шыға алдық. Экспорт алдындағы қаржыландыру – экспорттық тауар өндірісі үшін жиынтықтаушыларды сатып алуға қаржы алу мүмкіндігі, бұл шетелдік контрагенттерге төлем мұрсатын беру кезінде кассалық үзілістерді қысқартуға мүмкіндік береді », - деп атап көрсетті «Alageum Electric» өкілдері.

Бұған қоса, Қазақстанның ірі электр-техникалық компаниясының мамандары KazakhExport-тың экспорттық сауданы қаржыландыру секілді құралын жоғары бағалайды, ол қазақстандық тауарларды сатып алатын шетелдік контрагенттерді қаржыландыруды көздейді. «Қолдаудың барлық бұл құралдары біздің зауыттың экспорттық әлеуетін өсіруді ынталандырады», - дейді «Alageum Electric»-те.

Кентау трансформатор зауытының өнімдеріне сұраныс Азия елдерінде және бұрынғы кеңестік кеңістікте сақталып қана қоймай, ұлғайып та келеді. Кең қолданыстағы отандық трансформаторлар ТМД-ның жетекші өндірушілерінен сипаттамасы бойынша да, сапасы бойынша, бағасы бойынша да кем түспейді. «Кентау трансформатор зауыты» маркасы қойылған жабдық Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжікстанда, Ресейде және Түрікменстанда сенімді жұмыс атқарады. РФ аумағында дилерлік желі және сервис орталықтары жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетсек, KazakhExport-тың негізгі құралдарының бірі – экспорт алдындағы қаржыландыру отандық компанияларға төмендетілген мөлшерлеме бойынша айналым капиталын алумен бірге экспорттық жеткізулерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл қызмет бойынша экспорттаушы өз тауарын импорттаушыға төлем мұрсаты шартымен сатады. Тәуекелдерді азайту үшін экспорттаушы KazakhExport-та төлем мұрсатының мерзімі аяқталғаннан кейін жеткізілген тауар импорттаушының төлемей қою тәуекелін сақтандырады. Содан кейін экспорттаушы өз банкіне айналым капиталын алға өтінішпен жүгінеді. Банк пен KazakhExport арасындағы келісімнен кейін экспорттық сақтандыру компаниясы бұл банкке шартты банк салымын орналастырады, содан кейін банк алынған салымның есебінен төмендетілген пайыздық мөлшерлеме бойынша айналым қаражаттарын толтыруға экспорттаушыға қарыз береді. Экспорттаушы шикізат сатып алады, тауар өндіреді және импорттаушыға жеткізеді; сақтандыру сыйлықақысын төлейді. Өткізілген тауар үшін ақша алып, ол кредитін өтейді. Егер импорттаушы қандай да бір себеп бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындамайтын болса, KazakhExport экспорттаушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырады.

Осы және басқа құралдарды пайдалану үшін 8 (727) 250 00 21 телефоны бойынша call-center-ге жүгініңіз. Сондай-ақ қосымша ақпаратты http://keg.kz/ сайтынан табуға болады.