Павлодар облысында экспорттаушыларды қолдау шаралары талқыланды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Павлодар облысында экспорттаушыларды қолдау шаралары талқыланды

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы алаңында Өңірлік экспорттық кеңестің отырысы өтті. Жиын отандық экспорттаушыларды қолдау тетіктеріне арналды.

Іс-шараға Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі, Қазақстанның даму банкі және QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы өкілдері қатысты. Кездесу барысында ЭКА өңірлік менеджері Алтынгүл Төлегенова бизнес өкілдерін экспортты қолдаудың қолданыстағы шараларымен таныстырып, айналым қаражатын толықтыру тетіктеріне жеке тоқталды. Спикер шетелдік серіктестер тарапынан төлем жасалмау тәуекелдеріy сақтандыру құралдарына ерекше назар аударды. Бұл тетіктер төлемді кейінге қалдыру шартымен жасалған экспорттық келісімшарттар портфелін сақтандыруға мүмкіндік береді.

Қатысушылар цифрландыру мәселелерін де назардан тыс қалдырмады. Бүгінде Агенттіктің бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылы толықтай электрондық форматқа көшірілген. Жаңа платформа – «Экспорттаушының жеке кабинеті» операциялардың толық циклін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осы жүйе арқылы өтінім беруге және шарт жасасуға болады. Цифрлық платформаны енгізу өтінімдерді қарау жеделдігін арттырды. Рәсімдер ашық әрі айқын бола түсті. Кәсіпкерлерге өз өтініштерінің орындалуын нақты уақыт режимінде бақылау мүмкіндігі берілді. Қабылданған шаралардың тиімділігі нақты көрсеткіштермен расталады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің желісі арқылы Павлодар облысының экспорттаушыларына шамамен 3 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

Қазіргі уақытта өңірде мына салалар бойынша қолдау тапқан жобалар іске асырылуда:

  • агроөнеркәсіптік кешен;
  • металлургия;
  • құрылыс материалдарын өндіру;
  • жеңіл өнеркәсіп;
  • мұнай-химия өнеркәсібі.
consultation Кеңес ал!