KazakhExport отандық мақта талшығының Чехияға экспортына қолдау көрсетті | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

KazakhExport отандық мақта талшығының Чехияға экспортына қолдау көрсетті

«Рамазан-Агро» ЖШС «KazakhExport» ЭСК» АҚ ұсынатын экспортты қолдау құралдарының бірі – «Импорттаушының авансын сақтандыруды» пайдаланды. Компания 2016-2017 жж. маусымына мақта жеткізуге басты және тұрақты шетелдік контрагенттерінің бірі – Cotton CZ S.R.O.» компаниясымен (Чехия) үш келісімшарт жасасты.

Әдетте, тамыздан қарашаға дейінгі кезеңде мақта компаниялары шикі мақтаны дайындау үшін өзінің айналым қаражаттарының тапшылығын сезінеді. Сөйтіп, KazakhExport-тың қолдауымен жүзеге асырылған мәміле оны одан әрі мақта талшығына қайта өңдеу үшін көбірек шикізат дайындауға мүмкіндік береді. «Рамазан-Агро» ЖШС үшін белгіленген 4 000 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі сақтандыру лимиті 7 500 – 8 000 тонна көлемінде шикі мақтаны қамтамасыз етеді, бұл 2 400 – 2 500 тонна мақта талшығына сәйкес келеді», - дейді «Рамазан-Агро» ЖШС директорының орынбасары Зұлпыхар Қожахметов.

«Рамазан-Агро» ЖШС Қазақстанның экспорттық нарығында үш жылдан астам жұмыс істейді, бірақ KazakhExport-пен жасалған мәміле – бұл импорттаушыдан аванстық төлемнің қайтпау тәуекелін сақтандыру құралын қолданудың алғашқы тәжірибесі. «Қарау және шешімдер қабылдау жылдамдығы, KazakhExport-тың сыртқы экономикалық қызмет тәжірибесі, сондай-ақ оның қызметкерлерінің біліктілік деңгейі басталған жобаның жемісті болуына және болашақтағы ынтымақтастық келешегіне үміт артуымызға мүмкіндік береді», - дейді «Рамазан-Агро» ЖШС-де.

Чехиядан басқа қазақстандық өндірушінің өнімдері Беларусьқа, Ресейге және Молдоваға экспортталады. Компания мақта талшығын өндіруді одан әрі дамытуды және тиісінше өнісмдерді экспортқа жеткізуді ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл да ұлттық экспортты сақтандыру компаниясының көмегімен жүзеге асады деп үміттенеді.

«Рамазан-Агро» ЖШС-нің чехиялық «Cotton CZ S.R.O.» компаниясымен жасаған мәмілесі мысалында «Импорттаушының авансын сақтандыру» құралын іске асыру схемасы туралы қысқаша:

«Рамазан-Агро» ЖШС импорттаушымен аванстау туралы келісімшарт жасасты және сақтандыруға KazakhExport-қа өтінім берді. KazakhExport сақтандыру шарттарын мақұлдап және келіскеннен кейін «Рамазан-Агро» ЖШС-мен, «Cotton CZ S.R.O.» компаниясымен және импорттаушының банкімен, аталған жағдайда Československá obchodní banka, A.S.-пен төрт жақты сақтандыру шартын жасасты. Импорттаушының банкі «Cotton CZ S.R.O.» компаниясына кредит желісін ашты. Қазақстандық экспорттаушы шарт талаптарына сәйкес KazakhExport-қа сақтандыру сыйлықақысын төлейді, экспорттық келісімшарттарды орындау үшін «Cotton CZ S.R.O.» компаниясынан аванстық төлемдер алады, мақта талшығының өндірісі үшін қажетті шикізат сатып алады, өндірілген өнімді «Cotton CZ S.R.O.» компаниясына тиеп-жөнелтеді. Экспорттаушы мақта талшығын жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған жағдайда, KazakhExport импорттаушының пайдасына сақтандыру төлемін жүзеге асырады. Бұл ретте KazakhExport-қа экспорттаушыдан талап ету құқығы көшеді.

Осы және басқа құралдарды пайдалану үшін 8 (727) 250 00 21 телефоны бойынша call-center-ге жүгініңіз. Сондай-ақ қосымша ақпаратты http://keg.kz/ сайтынан табуға болады.