Қазақстандық өндірушілер UzBuild-2026 халықаралық көрмесінде өздерінің экспорттық әлеуетін көрсетті
Ташкентте екі күнге созылған UzBuild-2026 халықаралық көрмесі аяқталды. Іс-шара Орталық Азия аймағындағы озық технологиялар және сауда-экономикалық жобаларды талқылауға арналған негізгі алаңға айналды.
Биыл көрмеге Қытай, Германия, Ұлыбритания және Түркияның танымал технологиялық көшбасшыларын санағанда 20 елден 400-ден астам компания қатысты. Форумның мамандандырылған BuildTech бөлімінде құрылыс процестерін цифрландыруға және энергия үнемдейтін материалдарды енгізуге ерекше назар аударылды.
Онда Қазақстан Өзбекстан нарығына бағытталған жоғары технологиялы экспорттаушы компаниялар тобын таныстырды. Қатысушылар қатарында-отандық өнеркәсіптің флагмандары бар. Олардың қатарында “PolimerMetall” ЖШС, MIT Machine International Trade (Sitech.kz), “Stark Alpha” ЖШС және ELKON бетон жабдықтарын шығаратын зауыт та бар.
Қазақстандық бизнестің осындай көлемдегі іс-шараға қатысуы елдің экспорттық стратегиясын іске асыруға және екіжақты тауар айналымы құрылымындағы жоғарғы және орта қайта бөлу өнімдерінің үлесін арттыруға бағытталған.
Іскерлік бағдарлама аясында Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігнің Өзбекстандағы іөңірлік директоры Әлішер Хакимов құрылыс және индустриялық секторлардың негізгі компанияларымен бірқатар келіссөз жүргізді.
Атап айтқанда, экспорттық келісімшарттар мен несиелерді сақтандыру тетіктері, төлемді кейінге қалдыруды сақтандыру, коммерциялық және саяси тәуекелдерді басқару, сондай-ақ сауда және экспорт алдындағы қаржыландыру құралдары таныстырылды. Қазақстандық өнімді шетелдік сатып алушыларға қаржылық қолдау көрсете отырып, экспорттық мәмілелерді құрылымдау мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
