KazakhExport-тан экспорт алдындағы қаржыландыру мақта өнімдері экспортының көлемін кеңейтуге көмектеседі | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport-тан экспорт алдындағы қаржыландыру мақта өнімдері экспортының көлемін кеңейтуге көмектеседі

«Хлопкопром-Целлюлоза» Компаниялар тобы «KazakhExport» ЭСК» АҚ-мен экспорттық кредиттерді сақтандыру шарттарын жасасты және өзінің экспорттық келісімшарттарын іске асыру үшін қаржы алды. Qazkom арқылы «Экспорт алдындағы қаржыландыру» құралы бойынша алынған қаражаттар отандық мақта өнімдерін Ресейге, Чехияға, Беларуське, Молдоваға және Латвияға көбірек жеткізу мүмкіндігін берді.

«KazakhExport-тың өнімдері туралы біз экономикалық форумдардың бірінде Акционерлік Қоғамның Басқарма төрағасымен кездесу кезінде білдік. Бұдан әрі жеткізулер көлемін өсіруді жоспарлап отырмыз, осыған байланысты экспорттық сақтандыру компаниясының құралдарын пайдалануды кеңейтетін боламыз», - деп атап өтілді компанияда.

«Хлопкопром-Целлюлоза» компаниясы нарықта 14 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Оның қызметі мақтамен байланысты жұмыстың – өсіруден тазалауға және өз кәсіпорындарында терең өңдеуге дейінгі барлық түрлерін қамтиды. Топ өнімдерінің негізгі түрлері – барлық сорттағы мақта талшықтары, мақта линті, мақта тұқымдары, барлық маркадағы мақта целлюлозасы, гигроскопиялық мақта және карбоксиметилцеллюлоза. Соңғы өнім синтетикалық жуу заттарының өндірісінде, мұнай-газ өндіру, тау-кен байыту, тоқыма, құрылыс, лак-бояу, қағаз, құю өнеркәсібінде, сондай-ақ биологиялық зерттеулер кезінде тұтынылады. Оңтүстік Қазақстанның кәсіпорын өнімдерінің 80%-дан астамы экспортқа жөнелтіледі.

KazakhExport-тан «Экспорт алдындағы қаржыландыру» құралы отандық компанияларға өз сатып алушыларына төлем мұрсатын берумен, сонымен қатар төмендетілген пайыздық мөлшерлемемен айналым капиталын толтыру арқылы экспорттық жөнелтімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Осы және басқа құралдарды пайдалану үшін 8 (727) 250 00 21 телефоны бойынша call-center-ге жүгініңіз. Сондай-ақ қосымша ақпаратты http://keg.kz/ сайтынан табуға болады.