KazakhExport азот тыңайтқыштары мен сұйық аммиактың шетелге экспортына қолдау көрсетті | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport азот тыңайтқыштары мен сұйық аммиактың шетелге экспортына қолдау көрсетті

Аммиактың, әлсіз азот қышқылының және аммиак селитрасының Қазақстандағы жалғыз өндірісін «ҚазАзот» АҚ компаниясы жүзеге асырады. Қазіргі уақытта кәсіпорын аммиак селитрасын Ресейге, Украинаға, Белоруссияға, Грузияға, Әзірбайжанға және Қырғызстанға жеткізеді.

2016 жылы Қазақстанның Даму Банкі «ҚазАзот» АҚ экспорттық жеткізулері үшін қарыздың бүкіл сомасына және бүкіл мерзіміне KazakhExport-тың сақтандыру өтемімен 6 млрд теңге сомаға кредит желісін ашты.

«ҚазАзот» АҚ бас директоры Кеңес Орақовтың айтуынша, кәсіпорын экспорт географиясын кеңейтуге ниетті. «Біз KazakhExport Қазақстанның химия өнеркәсібінің тауар өндірушілерінің экспорттық әлеуетін қолдауда тиімді шешімдерді іздеу үшін жаңа міндеттерді іске асырады деп күтеміз», - деді ол.