«KazakhExport» ЭЫДҰ сарапшылық кездесуінде экспорттаушыларға қолдау көрсету жөніндегі шараларды таныстырды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» ЭЫДҰ сарапшылық кездесуінде экспорттаушыларға қолдау көрсету жөніндегі шараларды таныстырды

2017 жылғы 15 қарашада «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «KazakhExport» ЭСК» АҚ өкілдері Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының Париж қаласындағы штаб-пәтерінде өткен ЭЫДҰ экспорттық кредиттер және кредиттік кепілдіктер жөніндегі Жұмысшы тобының 145-ші кездесуіне қатысты.  Кездесуге ЭЫДҰ қатысушы-елдерінің өкілдері, Берн одағының мүшелері, БСҰ, Бүкіләлемдік банк және ХВҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан ЭЫДҰ экспорттық кредиттер комитетінің кездесуіне байқаушы ретінде қатысуға алғаш рет шақырылғанын атап өту керек.

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының Басқарма төрағасы Руслан Искаков кездесу қатысушыларына экспорттық саясатты қолдау шараларын, қазақстандық экспорттаушыларды қолдаудың қаржылық және институционалдық құралдарын және Қазақстан Республикасының Ұлттық экспорт стратегиясының негізгі ережелерін таныстырды.

Қазақстан Үкіметі Қазақстанның ЭЫДҰ-на кіруі жөніндегі ауқымды жұмыс жүргізуде, ол экспортты қолдау жүйелерінің шараларын ЭЫДҰ мүшесі мәртебесін бергенге дейін экспорттық кредиттер жөніндегі Жұмысшы топтың талаптарына сәйкестікке келтіруді талап етеді.

ЭЫДҰ комитеттері ЭЫДҰ қатысушы-елдердің ұлттық экспортын қолдаудың жалпы қағидаларын қалыптастырады және әлемнің барлық елдерінің тәуекелін бағалауды жүзеге асырады, бұл өз кезегінде қайсыбір елдің меншіктің кез келген нысанындағы кәсіпорындары және мемлекеттік органдары үшін әлемнің дамыған елдерінің экспорттық-кредиттік агенттіктерінің ресурстары есебінен қаржыландыру құнын анықтайды.

Анықтама: ЭЫДҰ мүше елдерінің Экспорттық-кредиттік агенттіктері әлемдік сауда мен экономиканың ірі кредиторлары болып табылады.

Қосымша ақпарат:

  «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы. «KazakhExport» миссиясы – экономиканың басым секторларындағы шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсіміне қолдау көрсету және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылмай емес қолдау практикасын қалыптастыру. Баспасөз қызметі: +7 727 250 00 21 (ішкі 134), сайт www.keg.kz   

    «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі – ҚР Президентінің Жарлығымен даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту мақсатында құрылды. Холдингтің негізгі миссиясы – мемлекеттік саясатты іске асыру, әлеуметтік бағытталған міндеттерді шешу және «Стратегия – 2050»-де қойылған мақсаттарға қол жеткізу мақсатында экономиканың басым секторларын қаржыландыру және қолдау көрсету арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына қолғабыс көрсету.