«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы жекешелендіруге арналған объектілер тізімінен алып тасталды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы жекешелендіруге арналған объектілер тізімінен алып тасталды

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ (бұдан әрі – KazakhExport) басымдық тәртібімен бәсекелестік ортаға беруге ұсынылатын ұлттық басқару холдингтердің ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының және олармен аффилирленген болып табылатын өзге заңды тұлғалардың тізбесінен алып тасталды.

Өзгертулер «2016 - 2020 жылдарға жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 03 тамыздағы № 467 қаулысының негізінде енгізілді.

2017 жылғы 10 наурызда ҚР Үкіметінің №112 қаулысымен KazakhExport жұмыс істеп тұрған ұлттық компаниялардың ресми тізбесіне енгізілді. 2017 жылғы сәуірде ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия KazakhExport-ты жекешелендіруге арналған объектілер тізбесінен алып тастауға келісті және Инвестициялар және даму министрлігіне «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингімен бірге заңда белгіленген тәртіппен экспортты ілгерілетуші ұлттық операторды бәсекелестік ортаға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесінен алып тастау жөніндегі шаралар қабылдауды тапсырды.

Президенттің Қазақстан халқына 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі алдында қазақстандық шикізаттық емес импортты ұлғайту жөніндегі жұмыстарды жандандыру міндеті тұр. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі қазақстандық тауар өндірушілердің экспорттық әлеуетін көтеру болып табылады. KazakhExport қызметі өңдеуші сектордың қазақстандық өнімдерін шетел нарықтарына шығуын қолдау жөніндегі сәйкес механизмдерді құруға бағытталған.

Анықтама үшін:

  «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы. «KazakhExport» миссиясы – экономиканың басым секторларындағы шикізаттық емес тауарлар, жұмыстар, қызметтер экспортының өсіміне қолдау көрсету және қазақстандық кәсіпорындарды қаржылық-сақтандыру және қаржылмай емес қолдау практикасын қалыптастыру. Баспасөз қызметі: +7 727 250 00 21 (ішкі 134), сайт www.keg.kz  

    «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі – ҚР Президентінің Жарлығымен даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту мақсатында құрылды. Холдингтің негізгі миссиясы – мемлекеттік саясатты іске асыру, әлеуметтік бағытталған міндеттерді шешу және «Стратегия – 2050»-де қойылған мақсаттарға қол жеткізу мақсатында экономиканың басым секторларын қаржыландыру және қолдау көрсету арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына қолғабыс көрсету.