ICIEC және «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Қазақстандағы экспортты қолдау туралы келісімге қол қойды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

ICIEC және «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Қазақстандағы экспортты қолдау туралы келісімге қол қойды

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің - Премьер-министрінің орынбасары Әсет Исекешев пен Исламдық Даму Банкінің Президенті Мохамед Алидің уағдаластықтары шеңберінде 2013 жылғы 23 мамырда Астанада Исламдық инвестициялар мен экспорттық кредиттерді сақтандыру компаниясы (ICIEC), Исламдық Даму Банкі тобының мүшесі және «KazExportGrant» экспорт-кредиттік сақтандыру агенттігі әріптестік туралы келісімге қол қойды.

Келісімге Мохамед Азам мырза - ICIEC Андеррайтинг департаментінің басшысы және «KazExportGrant" басқарма төрағасы Еркін Садықов қол қойды.

«KazExportGrant» компаниясының құжатына сәйкес, техникалық көмекке қосымша кредиттік сақтандыру мен қайта сақтандыру ұсынылатын болады.

Азам мырза атап кеткендей, «бұл келісімге қол қою шарасы ICIEC компаниясының оған мүше-елдердің дамуын оларға инвестициялық жобаларға арнап экспорттық кредиттер ұсыну және оларды саяси тәуекелдерден сақтандыру арқылы қолдау жөніндегі мандатына сай келеді».

Өз кезегінде, Е.Садықов бұл Келісім Қазақстанның тауарлары мен қызметтерінің, әсіресе шикізатты емес секторындағы экспортына ықпал ету жолындағы маңызды оқиға болып табылады деп атап өтті. Бұл KazExportGrant компаниясының тек экспорттаушылардың кредиттік және кепілдік қызмттерін сақтандыруды ғана емес, сондай-ақ келешекте қазақстандық экспортты сақтандыруды қамтамасыз етумен, оның әлеуетінің одан әрі нығаюына ықпалын тигізеді.