KazanForum-2025: Қазақстан экспортының павильоны ашылды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazanForum-2025: Қазақстан экспортының павильоны ашылды

Қазан қаласында «Ресей — Ислам әлемі: KazanForum» XVI Халықаралық экономикалық форумы өтті.

KazanForum Татарстан астанасында 2009 жылдан бері өткізіліп келеді және Ресей мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының елдері арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарды нығайтуға арналған алаң болып табылады. 2023 жылдан бастап форум федералдық мәртебеге ие болды.

Ұйымдастырушылар биылғы форумның басты миссиясын Ресей Федерациясының ислам әлемі елдерімен диалогы мен практикалық ынтымақтастығына арналған тұрақты платформа құру ретінде анықтады.

13-18 мамыр аралығында өткен іс-шараға әлемнің 100-ден аса елінен 10 мыңнан астам адам жиналды. Қатысушылар арасында мемлекеттік құрылымдар мен қаржы құрылымдарының, халықаралық ұйымдардың өкілдері, түрлі салалар бойынша сарапшылар, сондай-ақ іскер топтардың өкілдері болды.

Форум бағдарламасында 200-ге жуық іс-шара қамтылды. Негізгі тақырып - «Цифрландыру. Жаңа шынайылық», орталық пленарлық отырыс осы тақырыпқа арналды. Форум күндері «Қазан Экспо» ХКО аумағында түрлі тақырыпта, соның ішінде исламдық қаржы, «халал» индустриясы, өнеркәсіп, логистика, сауда, инвестициялар, инновациялар, технологиялар, сондай-ақ қазіргі әлемдегі және ИЫҰ елдеріндегі ақпараттық өрісті трансформациялаудың, ақпараттық кеңістікті біріктірудің және оны сегментеудің негізгі трендтері бойынша 141 конференция өтті.

Іс-шара барысында «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-тың Татарстандағы өңірлік директоры Ренат Қалиев Қазан агроөнеркәсіптік паркіндегі «Қазақстан» павильонының ашылуына қатысты. Іс-шараға Татарстан Республикасының раисы (басшысы) Рустам Минниханов келді. Р.Қалиевтің айтуынша, енді бұл павильонға қазақстандық өндірушілердің өнімдері ЭКА сақтандыру өтелімімен жеткізілетін болады.

Форум жұмысының нәтижесінде Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі мен «Болашақ» ЖШҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандум жасалды. Бұл келісім бойынша қазақстандық өнімдер мен қызметтердің Татарстан Республикасының нарығына  жеткізілуіне «Болашақ» ЖШҚ жәрдемдесуі көзделген.

Айта кетелік, бүгінгі таңда ЭКА-ның қолдауымен Татарстанға кондитерлік өнімдер, ауыл шаруашылығы техникасы, металл өнімдері, ұн тарту өнеркәсібінің өнімдері және т.б. жеткізілуде.

chat Кеңес ал!