«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Ортақ Экономикалық Кеңістікке қатысу-мемлекеттердің Іскер Адамдар Форумының жұмысына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Ортақ Экономикалық Кеңістікке қатысу-мемлекеттердің Іскер Адамдар Форумының жұмысына қатысты

Шара 2013 ж. 31 мамырда Белоруссияның Сауда-өнеркәсіптік палатасының қолдауымен өтті.

Қазақстан тарапынан форумның ұйымдастырушысы ретінде «Атамекен» Одағы ҚҰЭП шықты. Форумға Беларусь, Қазақстан және Ресей үкіметтерінің басшылары қатысты. Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістікке мүше-мемлекеттердің, сонымен бірге жетекші компаниялар мен трансұлттық компаниялардың шамамен 600 астам өкілі, кәсіпорын басшылары қатысты.

Форумға сонымен қатар ірі ресейлік және қазақстандық компаниялардың өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Сбербанк России, банк ВТБ, БелЭксимГарант, ААМЗ АҚ, ИнтерАвтоТранс ЖШС басшылары және сондай-ақ «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам өкілі шақыртылды. Форумның мақсаты ОЭК-дағы кооперациялық байланыстырды нығайту, Кеден одағында бизнесті жүргізу саласындағы қиындық тудыратын мәселелерді талқылау болып табылады.