2013 жылғы 1 қазанда «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ЕҰ) | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

2013 жылғы 1 қазанда «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ЕҰ)

Отырыс Елбасының шикізаттық емес экспортты ілгері жылжытудың кешенді және агрессивті жүйесін құру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Kaznex Invest» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігімен ұйымдастырылған болатын.

Стратегияны әзірлеудің ерекше өзектілігі тұтастай әлемдік сауда-саттыққа, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметіне жағымсыз әсерін тигізетін ғаламдық экономикалық және қаржылық мәселелерге дер кезінде ден қою қажеттігімен байланысты.

Отырысқа ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Бірінші Вице-министрі – Жұмыстық топтың төрағасы Рау А.П., ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің Төрағасы – Төрағаның Орынбасары Қасымбеков Б.А., «Kaznex Invest» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары Майкенов М.Т., ҚР Көлік және коммуникациялар Вице-министрі Бектұров А.Г., ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі Жақсылықов Т.М., ҚР Өңірлік даму Вице-министрі Жұмаңғарин С.М., Ауыл шаруашылығының Вице-министрі Толыбаев М.Е., ұлттық компаниялардың басшылары, бизнес-қауымдастықтың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және т.б. қатысты.

Отырыста Қазақстан Республикасының Ұлттық экспорттық стратегиясының құрылымы, міндеттері мен негізгі бағыттары, оның рөлі мен маңызы көрсетілді.

Отандық экспорттаушыларға арнап қаржылық аспаптар нарығын дамыту, көліктік-логистикалық қызметтердің қол жетімділігін арттыру, экспортқа бағытталған компанияларды ақпараттық қамту және жетекші әлемдік экономикалардың халықаралық тәжірибесі жайлы мәселелер қаралды.