«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ЕҰ) .. кездесуге қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ЕҰ) .. кездесуге қатысты

Беларусь Республикасының банк басшылары мен Белоруссия банкілері қауымдастығының өкілдерінен құралған делегация Қазақстан Республикасында жұмыстық сапармен болып қайтты.

3 қанада Алматы қаласында Беларусь Республикасының банк басшылары «KazakhExport» экспорт-кредиттік сақтандыру компаниясы» АҚ-мен, сондай-ақ «БТА Банк» АҚ басшылығымен және «Лизинг» СК» АҚ лизингілік компания өкілдерімен бас қосты. Осы бас қосу шеңберінде екі республиканың арасындағы экспорт-импорттық операцияларды қаржыландырудың беталыстары мен перспективалары, сондай-ақ халықаралық капитал нарықтарындағы және ішкі бақылау мен корпоративтік басқару жүйелерін құрудағы жұмыс тәжірибесімен алмасу мәселелері талқыланды.

Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік шеңберінде Қазақстан мен Беларусь республикаларының арасындағы сауда-саттық қатынастардың белсенді дамуына байланысты «KazakhExport» экспорт-кредиттік сақтандыру компаниясы» АҚ және бірқатар белоруссиялық банкілер саудалық операцияларды қаржыландыру саласындағы әріптестікті кеңейтуді келісті.