«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам ... | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам ...

2014 жылғы 21 және 22 мамырда Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сыртқы нарықтарға шығару қызметінің шеңберінде Ресей Федерациясының Омбы қаласында саудалық миссия өткізеді.

Бұл шараны Омбы қаласының Сауда-өнеркәсіптік палатасы қолдады. Қазақстан мен Ресей өңірі іскерлерінің мұндай іскерлік бас қосуы осымен екінші жылы өтуде.

Құрылыс материалдарын, тамақ өнімдерін, ауылшаруашылық өнімдерін, мұнай-химия және машина жасау жабдықтарын, қағаз және тоқыма өнімдерін шығарушы қазақстандық кәсіпорындар потенциалды сатып алушылармен Омбы облысына тауарларды жеткізу мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізеді.

Биылғы жылы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам және KAZNEX INVEST Ұлттық агенттігі қазақстандық өңделген өнімдерді Ресейдің Челябинск, Новосибирск, Самара, Орынбор және Екатеринбург сияқты өңірлеріне белсенді түрде ілгері жылжытуды жоспарлап отыр.

2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы сыртқы сауда айналымы 23,5 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 1,7 % артық. Қазақстан әлемдік экспорттаушылардың тізімінде 42-ші орынды иеленуде, ал экспорттың географиясы 119 елді қамтиды. Республика уран, ферроқорытпалар, ұн, бидай, мұнай экспорты бойынша әлемдегі көшбасшылық жайғасымдарға ие.