«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам басшылары VII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысуда | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам басшылары VII Астана экономикалық форумының жұмысына қатысуда

Өзінің жұмысын 21 мамырда бастаған VII Астана экономикалық форумы әлемнің 150 елінен келген жетекші сарапшылардың ғаламдық диалогтық алаңшасы болып табылады.

Бүгін, яғни 22 мамырда халықаралық шара шеңберінде «Бәйтерек» холдингінің индустриалды-инновациялық дамуының екінші бесжылдығындағы рөліне арналған сессия өткізілуде. Спикерлердің арасында: мемлекет органдарының басшылары, Қазақстан-Британдық сауда-өнеркәсіптік кеңесінің, Халықаралық қаржы компаниясының, Қазақстанның Даму банкі мен өзге де жетекші даму институттарының өкілдері.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің айтуынша екінші бесжылдықта «Бәйтерек» мемлекет пен жекеменшік секторының қаржылық ресурстарының ықпалдастырушысы ретінде шығуы тиіс. Холдинг басқарушысының орынбасары Алина Алдамберген атап кеткендей, компаниялар тобы түрлі қаржыландыру механизмдерін, соның ішінде тікелей және банкаралық несиелендіруді, гранттарды, субсидияларды, зерттелген экспортты қолдау аспаптарын, үлестік қаржыландыруды және т.б. ұсынатын болады.

Сондай-ақ тағы бір аталған жайт: әлемнің барынша дамыға 30 елінің қатарына ену тұжырымдамасын іске асыру және индустриалды бағдарламаның қазақстандық өнімдердің экспортын қолдауға қатысты бөлімін іске асыру мақсатында экспортқа қолдау көрсетудің халықаралық практикасын ескерумен 2020 жылға дейінгі Ұлттық экспорттық стратегия әзірленуде, оның негізгі міндеттері экспорттық қоржынды қалыптастыру, өнімді өткізу нарығын белгілеу, сондай-ақ экспортқа қолдау көрсетудің инфрақұрылымын құру болып табылады.