3 маусымда «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Алматы қаласы кәсіпкерлерінің Бірінші Конференциясының жұмысына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

3 маусымда «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Алматы қаласы кәсіпкерлерінің Бірінші Конференциясының жұмысына қатысты

Алматыда кәсіпкерлердің Бірінші Конференциясы болып өтті. Форумға Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, қала әкімі Ахметжан Есімов, қаланың кәсіпкерлер палатасының басшылары, бес жүзден астам бизнес өкілдері, салалық қауымдастықтардың, мемлекет органдарының басшылары қатысты.

ҚР ҰКП Басқармасы төрағасы Аблай Мырзахметов атап кеткендей, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – бизнес мүддесінің өкілі және мемлекет органдары мен Үкіметтің толыққанды серіктесі. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов өз кезегінде Кәсіпкерлер палатасы қызметінің мегаполистің бизнес ортаның шоғырланған орны ретінде қалыптасуы үшін маңыздылығын атап өтті, ол Елбасының Алматыны Еуразиялық экономикалық одағының қаржы орталығы ретінде таныту туралы ұсынысын еске түсірді.

Оған қоса, жарты жыл ішіндегі жұмыс кезінде мемлекет органдары мен жоғары оқу орындарымен Өзара ынтымақтастық туралы 8 Меморандумға қол қойылды. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі, әкімшілік тосқауылдарды азайту және рұқсат ету рәсімдерін оңтайландыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі жұмыстық топ құрылды.

Алматы кәсіпкерлерінің Бірінші Конференциясы форумға қатысушылардың оңтүстік астананың іскерлік климатын жақсарту бойынша ұсынған 18 тармақтан тұратын Резолюцияны қабылдаумен аяқталды.

Алматы қаласы Қазақстанның ең ірі қаласы, мұнда бүкіл республика ауқымында көтерме сауда айналымының 46%-ы, сыртқы сауда айналымының 21%-ы және бөлшек сауда айналымының 27%-ы қамтамасыз етіледі. Бірнеше ондаған кәсіпорындар сыртқы экономикалық қызмет саласында қызмет етеді және қазақстандық өнімдерді «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам қаржы-сақтандырушылық қолдауымен шетел нарығында саудалауда. Көршілес елдерде біздің машина жасау өнімдеріміз, кондитерлік бұйымдар, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдары да жақсы сұранысқа ие.