«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Қытай Халық Республикасының Үрімші қ. сауда миссиясының жұмысына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Қытай Халық Республикасының Үрімші қ. сауда миссиясының жұмысына қатысты

2014 жылғы 10 шілдедегі Үрімші қ. сауда миссиясы дәстүрлі түрде бизнес-форум мен екіжақты кездесулер форматында өтті. Қытайдың сатып алушыларына химиялық, құрылс, тоқыма және тамақ өнеркәсібі салаларының 20 астам отандық кәсіпорындары таныстырылды.

«Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігімен СУАР Ххалықаралық сауда-саттыққа жағдай жасау комитетімен серіктестікте ұйымдастырылған шара біздің ұлттық өндірушілерімізге өз өнімдерін потенциалды сатып алушыларға тікелей ұсынып және келіссөздер жүргізуге, серіктестерін табуға, нарықты зерттеуге, елдегі бизнесті жүргізудің мүмкіндіктері мен шарттарын білуге мүмкіндік берді. Өз кезегінде, форумның қытайлық қатысушылары «Концерн Цесна-Астық» АҚ, «Егін» ЖШС, «Диқаншы фирмасы» ЖШС, «Маслодел» ЖШС, «Қаржау» ШҚ және «RG Brands Kazakhstan» ЖШС сияқты компаниялардың өнімдерімен танысты.

2009 жылдан бері сауда миссияларының қорытындысы бойынша жасасқан қазақстандық өндірістің өнімдерін көршілес мемлекетке жеткізу келісімшарттарының жалпы сомасы 65 млн. АҚШ долларынан асты.

2013 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сыртқы сауда айналымы 22,5 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2012 ж. Көрсеткіштен 4% артық. Қытайдың нарығы қазақстандық тауарлардың экспортын кеңейтудің орасан зор әлеуеті болып келеді және 17%-бен қазақстандық экспортты өткізудің екінші нарығы болып табылады.