KazakhExport Халықаралық өнеркәсіптік форумға қатысты | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

KazakhExport Халықаралық өнеркәсіптік форумға қатысты

KazakhExport Машина жасау және металл өңдеу-2024, PowerTech Expo-2024, Renewable Energy Expo-2024 және EnergySaveExpo-2024 сынды төрт негізгі көрмені біріктірген Халықаралық өнеркәсіптік форумға қатысты.

Іс-шара мақсаты – энергетика және машина жасау саласы өндірушілерінің мүмкіндігін көрсету, машина жасау және станок жасау технологиялары, сондай-ақ энергетика мен электротехника саласындағы жетістіктерді бөлісу.

Форумға отандық кәсіпкерлерден бөлек Германия, Эстония, Түркия, Қытай, Ресей және Өзбекстан елдерінің жетекші компаниялары қатысты.

Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында Алматы қаласындағы KazakhExport өкілдігінің директоры Алмас Қалқаев шикізат емес экспортты дамытуға және нығайтуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.

Сонымен қатар А. Қалқаев қазақстандық өндірістің жоғары технологиялық өнімін сатып алатын шетелдік компанияларды қолдау мақсатында KazakhExport сақтандыру өтемін ұсынып, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мүмкіндіктерін атап өтті.