Қызылордада инвестиция тарту және өнеркәсіпті дамыту бағытында семинар-тренинг өтті | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Қызылордада инвестиция тарту және өнеркәсіпті дамыту бағытында семинар-тренинг өтті

Қызылорда қаласында «KazakhExport» ЭСК» АҚ қатысуымен инвестиция тарту, өнеркәсіпті дамыту және экспортты күшейту бойынша мемлекеттік қолдау шараларына арналған семинар-тренинг өтті.

Іс-шара Мемлекет басшысының «Жаңа инвестициялық кезең» бастамасы аясында өтті.  Семинардың мақсаты – өңірлердегі инвестиция көлемін арттыру, біртұтас экожүйе қалыптастыру және даму институттары мен бизнес арасында тиімді диалог орнату.

Семинар-тренинг 100-ден аса қонақты қамтып, оның шеңберінде B2G-кездесулер өткізілді. Одан бөлек, бірқатар өндірістік нысандарға шолу жасалынды.

Іс-шара барысында KazakhExport аймақтық менеджері Айнұр Әнесова қатысушыларға компанияның өңірдегі шикізат емес экспорт ісін дамытуды көздейтін бірқатар қолдау шаралары туралы айтып берді. Сонымен қатар кәсіпкерлерге несиені сақтандыру, айналым капиталын толықтыру бойынша презентация ұсынылды. 

Семинар қорытындысы бойынша Қызылорда облысында жоспарланған 17 инвестициялық жоба бойынша «Жол картасына» қол қойылды. Оның нәтижесінде облыстың бизнес ахуалы жақсарып, инвестиция белсенділігі артады деген болжам бар.

*Фотоны Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы ұсынды