Башқұртстан бизнесі Қазақстанмен сауда байланысын нығайтуға ниет білдіріп отыр | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Башқұртстан бизнесі Қазақстанмен сауда байланысын нығайтуға ниет білдіріп отыр

Уфада Башқұртстан Республикасының үкіметі ұйымдастырған Халықаралық бизнес аптасы өтіп жатыр. Іс-шара жан-жақты серіктестік орнатуға және экономика, экспорт, инновация және инвестиция салалары бойынша мемлекет пен бизнес арасындағы диалогты дамытуға бағытталған.

Форумға Татарстан Республикасындағы KazakhExport өкілі Ренат Қалиев қатысты. Жиында ол Башқұртстанның бизнес-қоғамдастығына қаржы және сақтандыру саласындағы қатердің алдын алуға бағытталған KazakhExport қолдау құралдары туралы айтып беріп, бұл сауда байланысы қос тарапқа да пайдасын тигізіп жатқанын жеткізді.

«Башқұртстан еліміз үшін маңызы экономикалық серіктес екені белгілі. Биылдың өзінде KazakhExport қолдауымен Татарстан мен Башқұртстан компаниялары қазақстандық бизнеспен 750 миллион теңгеден астам сомаға экспорт келісімшарттарын жасаған. Біз мұнда қазақстандық өнімге сұраныс артып жатқанын байқап отырмыз. Бұл сұрақ бойынша KazakhExport өз қызметінің аясында тиісті қолдау көрсетеді», - деді Р. Қалиев.

Сөз соңында Р. Қалиев алдағы уақытта башқұрт бизнесімен байланыс нығая түсетінін жеткізді. Атап айтқанда, KazakhExport Башқұртстанда екі жаққа тиімді болатын серіктестіктің мүмкіндіктері туралы іс-шара ұйымдастыратынын білдірді.