Таиланд Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Таиланд Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі

Елордада «KazakhInvest» ҰК» АҚ алаңында Қазақстан-Таиланд сауда және экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Астанадағы Таиланд Корольдігінің, ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Индустрия және инфрақұрылым министрлігінің Геология комитетінің, Астана қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, KazakhExport, KazakhInvest, QazTrade, "Астана"халықаралық қаржы орталығының өкілдері қатысты.
Отырыс шеңберінде KazakhExport халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Арман Бекбасов қатысушыларға қазақстандық өнімді/қызметтерді сатып алуға мүдделі импорттаушыларға қолдау құралдарын ұсыну шарттары мен механизімдерін ұсынды.
Сонымен қатар, тараптар Қазақстан аумағында өндірістік алаңдар құру түріндегі Қазақстанға инвестициялар мәселелерін талқылады, оның шеңберінде KazakhExport отандық экспортқа бағдарланған өндірісті дамыту мақсатында қолдау көрсетуге дайын.
Сондай-ақ, KazakhExport қазақстандық өндірушілермен байланыс орнатуға және импорттаушыларды қызықтыратын өнімдерді/қызметтерді іздеуге көмек көрсете алады.
Соңында тараптар ынтымақтастықтың әлеуетті және перспективалық мүмкіндіктерін талқылап, екіжақты қатынастардың кең ауқымы бойынша пікір алмасты.