«KazakhExport» СК» АҚ «Орталық Азиядағы сақтандыру» атты IX Халықаралық конференцияға қатысты
Конференция Қазақстан сақтандырушылары Ассоциациясының қолдауымен Алматы қаласында 15-16 сәуірде өтті. Осы оқиға Орталық Азия, ЕЭК мен Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі сақтандыру және қайта сақтандыру саласындағы көшбасшылар үшін дәстүрлі болып табылады.
Өзекті мәселелрдің ішінде қатысушылар үшін Қазақстан сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу және даму үрндісі, жаһанды экономикалық және саяси қиындықтарға отандық сақтандыру нарығы жауабының құрылымдық реформалары, Ресей Федерациясындағы сақтандыру қызметін заңнамалық реттеу қорытындылары, бірыңғай экономикалық кеңістік аясында сақтандырудағы кіріктіру үрдістерінің негізгі векторлары туралы мәселелер ұсынылды. Бұдан басқа, үздік әлемдік практикаларды ескере отырып, республикада міндетті медициналық сақтандыруды енгізу перспективасы талқыланды.
Конференция жұмысына жетекші отандық және халықаралық сақтандыру компаниялары, қайта сақтандырушылар мен брокерлер, ИТ-компаниялар, Қазақстанның, Ресейдің және Беларусьтің реттеу органдарының өкілдері мен басшылары, сондай-ақ ұлттық және халықаралық ассоциациялар мен рейтингтік агенттіктер, медициналық сақтандыру саласының халықаралық сарапшылары, медициналық ассистанстар мен Кәсіпкерлердің Ұлттық Палатасы өкілдері қатысты.