«KazakhExport» СК» АҚ Еуразиялық Бизнес форум жұмысына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» СК» АҚ Еуразиялық Бизнес форум жұмысына қатысты

2015 жылдың 23 және 24 сәуірінде Алматы қаласында Еуразиялық Бизнес форум өткізілді, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің, «Нұр Отан» Партиясының, Алматы қаласы Әкімдігінің, «Даму» Кәсіпкерлерді дамыту Қорының ресми қолдауымен, «ФНБ «Самрук-Казына» АҚ, «НК «Астана ЭКСПО-2017» АҚ мен ҚР Кәсіпкерлерінің Ұлттық Палатасының қатысуымен өткізілді.

Шара қазіргі уақытта халықаралық диалогтың маңызды бөлігі және ішінде Үкімет мүшелері мен мемлекеттік құрылым өкілдері, ұлттық холдингтер мен басқарушы компаниялар, экономика мен банктің нақты секторларының компаниялары, аудиттік және консалтингтік топтары, халықаралық сарапшылар мен БАҚ өкілдері және тағы басқалар бар Қазақстанның, таяу және алыс шетел мемлекеттерінің мыңдаған қатысушылары арасынан жаңа серіктестер мен инвесторлар іздеудің тиімді құралы болып табылады. Бұдан басқа, форум – қазақстандық тауарлар мен қызметтердің, бизнестің жемісті дамуына арналған озық шетелдік дайындаулар мен технологиялар көрмесі.

Форумның бірінші жұмыс күні сонымен қатар мемсектор есебіне арналды. Жинақтамалы кездесулер сериясын ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляков ашты. Ол, Қазақстан экономикасы үшін қазіргі уақытта жағдай айтарлықтай еместігін, 2014 жылы елден тауарларды экспорттау 7,6%, ал импорт - 15%-ға түсіп кеткенін айтып берді. Осы үрдіс, 2015 жылы да жалғасын табатын сияқты. Еліміздің ІЖӨ өсуі биылғы жылы 1,5% деңгейінде болады, деп жобалануда.

Өз кезегінде «Бәйтерек» хдингі Басқармасының Төрағасы Алина Алдамберген кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған мемлекет инвестициялары туралы айтып берді. Осы мақсаттарға ұлттық холдинг 445 млрд. теңге бөлетін болады, олардың біраз бөлігі қазіргі уақытта төленген.

Екінші күні, халықаралық серіктестік мәселелрі бойынша пленарлық отырыс аясында «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Басқармасы Төрағасының орынбасары Ердан Бекхожин қазақстандық экспортерлерге экспорттық-кредиттік қолдау көрсету талаптары туралы баяндады. Сонымен қатар, ол, даму институты қызметі кезеңінде жалпы сомасы 186 млрд. теңгеге 400-ден астам отандық кәсіпорындарға қолдау көрсетілгені туралы айтты. Бұдан басқа, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан сияқты елдерге, және Италия, Германия, Литва, Латвия, Қытай, АҚШ, Швейцария, Польша, БАЭ, Индия, Украина, Беларусь, Түркия, Ауғаныстан және Монғолия сияқты елдерге экспорттық жеткізулер бойынша дәстүрлі өтім нарығымен негізделген сақтандыру өтелімі берілді. Сақтандырылған инвестициялар Түркия, Иран мен Түрікменстанға жіберілді.