"Находа" сауда желісі Қазақстанда жаңа өнім берушілерді іздестіруде | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

"Находа" сауда желісі Қазақстанда жаңа өнім берушілерді іздестіруде

Татарстан, Башқұртстан, Удмуртия және Киров облыстарында 230-дан астам дүкені бар "Находка" сауда желісінің өкілдері қазақстандық азық-түлік және көкөніс өнімдерін экспорттаушылармен кездеседі.

Кездесулер 2023 жылғы 13-17 ақпан аралығында KazakhExport-тың көмегімен Астана, Шымкент, Түркістан қалаларында қазақстандық тауарлардың шикізаттық емес сегментінің экспортын ілгерілету мақсатында өтеді. Сапар аясында "Находка" желісінің өкілдері экспорттық келісімшарттар жасасуға және қазақстандық жеткізушілер пулын кеңейтуге ниетті.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы осындай кездесулер Алматы және Астана қалаларында өткізілді, олардың шеңберінде химия, тамақ саласының отандық өндірушілерімен, атап айтқанда "Аврора" ЖШС, "Арко Групп" ЖШС, "Kondiz" ЖШС, "Аралтуз" ЖШС және т.б. экспорттық келісімшарттар жасалды.

Кездесулер мен ынтымақтастық мәселелері бойынша Айнұр Анесова (Түркістан және Шымкент) хабарласыңыз+7 701 742 3142, Светлана Полянская (Астана) +7 707 717 0227.