«KazakhExport» СК» АҚ Арменияның сауда миссиясының жұмысына қатысты, Ереван қ. | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» СК» АҚ Арменияның сауда миссиясының жұмысына қатысты, Ереван қ.

2015 жылдың 20 мамырында Ереван қаласында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Ұлттық агенттігі Армения Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының қатысуымен бірінші рет қазақстандық өндірушілердің сауда миссиясын ұйымдастырып, өткізді.

Сауда миссиясы дәстүрлі түрде бизнес-форум форматында өткізілді. Қазақстандық делегация құрамына еліміздің машина құрылысы, химия, құрылыс, фармацевтикалық, тағам және металлургия салаларының 13 кәсіпорнының өкілдері кірді. Армения жағынан балама бейінді компаниялар қатысты.

Арменияның ЕАЭО мүшелігі барлық салаларда екі ел арасында өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіншілік береді. Қазақстандық экспортерлер армяндық тұтынушыларға тауарлардың сан түрін – машина құрылысы өнімдерін де, химия өнімдерін де, тағам өнімдерін де, басқа да тауарларды ұсынуға дайын. Екінші жағынан, армяндық серіктестер үшін бірлескен өндірістер мен инвестициялар құру мүмкіншілігі де бар.

Ереван қ. Сауда-өнеркәсіп палатасының атқарушы директоры Карен Мартиросянның хабарлауы бойынша, форум алдында Қазақстаннан келген қонақтар энергетика және табиғи ресурстар, денсаулық және қала құрылысы министрліктерінде, сондай-ақ астана мэрииінде болып қайтты. Қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға 100-ге жуық армян компаниялары қызығушылық танытты. Бүгінгі таңда Армения қазақстан нарығына өзінің дәстүрлі өнімі – жаңа піскен жемістер мен көкөністерді, ішімдік өнімдерін, қайта өңдеу өнеркәсібі өнімдерін ұсынып отыр.

Екі ел бизнесмендерінің өзара байланыс барысында тараптар өз өнімдерін көрсетіп, экспорттық-импорттық мүмкіншіліктерді және басқа да сыртқы экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша фармацевтика және құрылыс салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Анықтама үшін:

2014 жылы Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы 8,2 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазахстаннан Арменияға экспорт үлесі 0,4 млн. доллар, Армениядан қазақстанға импорт үлесі - 7,8 млн. долларды құрады. 2015 жылдың бірінші тоқсанында елдер арасындағы тауар айналымы қатты қысқарды. Көлік шығындарына қатысты, Астанадан Ереванға 20 тонналық жүкті автомобильмен жеткізу құны 4 000 АҚШ доллары тұрады, ал алматыдан Ереванға балама жеткізу 4 500 АҚШ доллары тұрады.