"Алатау" АЭА-да экспортты қолдау құралдарын талқыланды | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

"Алатау" АЭА-да экспортты қолдау құралдарын талқыланды

Қаланың Медеу ауданы, Алатау кентінің аумағында орналасқан «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында (АЭА) «KazakhExport» өкілдерінің тауар өндірушілер – АЭА қатысушыларымен кездесуі өтті.

Шараға «KazakhExport» Алматыдағы өкілдігінің директоры Нұркен Абдуллин мен оның орынбасары Алмас Қалқаев қатысты.

Кездесу барысында KazakhExport қолдау өнімдерін пайдаланудың практикалық жағдайлары, жұмыстың нәтижесі мен механизмі, сенімді контрагенттерді таңдау шаралары, екі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру құралдары, сондай-ақ шетелде қазақстандық өнімдер нарығын кеңейту қарастырылды. Кездесу нәтижесінде өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді.

KazakhExport қызметін Қазақстанның шикізаттық емес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіретін кез келген жұмыс істеп тұрған кәсіпорны пайдалана алатынын атап өткен жөн. Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін Қазақстанның әрбір өңіріне жеке менеджер бекітілген, оған KazakhExport-тың сақтандыру арқылы қолдау тәсілдері туралы ақпарат алу үшін хабарласуға болады.