«KazakhExport» СК» АҚ Директорлар Кеңесі құрамындағы өзгерістер | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» СК» АҚ Директорлар Кеңесі құрамындағы өзгерістер

«Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ 2015 жылғы 10 шілдедегі № 22/15 шешімімен Директорлар Кеңесі мүшесі - «Экспортная страховая компания «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының Директорлар Кеңесінің Төрағасы Пазылхаирова Гульбану Тажибаевнаның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Сол шешім бойынша «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ еншілес ұйымының Директорлар кеңесінің мүшесі болып Мадиев Сержан Нураханұлы сайланды.

Бұдан басқа, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының Басқару органы мүшелеріне Директорлар Кеңесінің Төрағасы ретінде С.Н.Мадиевті сайлау туралы ұсыныс жасалды.