KazakhExport делегациясы «Локомотив құрастырузауыты» АҚ-на барып қайтты | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

KazakhExport делегациясы «Локомотив құрастырузауыты» АҚ-на барып қайтты

Сақтандыру департаментінің директоры Маженова Алмагульдің және бас менеджер Анесова Айнурдың жұмыс сапары құрастыру зауытының локомотивтерін қарап шығудан басталды, яғни олар әр түрлі бөлшектерді дайындау сәтінен бастап дайын өнімді сырлау мен сынауға дейін тепловозды жинаудың өндірістік процесімен танысып шықты.

«Локомотив құрастырузауыты» АҚ – 2009 жылы ашылғанын атап өту қажет және сериясы Evolution атты жаңа дәуірдің тепловоздарын өндіру бойынша Орта Азиядағы  жалғыз  зауыт болып табылады. Қызмет еткен жылдар ішінде кәсіпорын 450 астам локомотив жасап шығарды, оның ішінде өнімнің бір бөлігін алты елге экспорттау ұсынылды (Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Әзербайжан, Түркменстан, Украина және Молдова).

2022 жылдың қорытындысы бойынша зауыт 43 локомотив шығаруды жоспарлап отыр, сондай-ақ кәсіпорын 2023 жылы 90 локомотив жасап шығаруды мақсат етіп қойған.

Кездесу шеңберінде тараптар ынтымақтастық келешегін және локомотивтерді Тәжікстан, Әзербайжан және Монғолия елдеріне KazakhExport тарапынан сақтандыруды жабу арқылы жеткізу бөлігінде өзара қарым-қатынасты кеңейту мәселелерін талқылады.