«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Түрікменстандағы сауда миссиясының жұмысына қатысты, Ашхабад қ. | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам Түрікменстандағы сауда миссиясының жұмысына қатысты, Ашхабад қ.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің экспорт және инвестициялар бойынша «Kaznex Invest» Ұлттық агенттігі Түрікменстанның Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп қазақстандық өнім мен қызметтерді сыртқы нарыққа шығару шаралары аясында 2015 жылдың 28 тамызында Ашхабад қаласында сауда миссиясын өткізді.

Шараға машина құрылысы, химия, құрылыс, фармацевтикалық, тағам және металлургия салаларының 27 кәсіпорын қатысты, олар тауарларды жеткізу мүмкіндігі туралы Түрікменстанның көтерме-сатып алу және дистрибьютерлік колмпанияларымен келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар қазақстандық тауарларды тіркеу және қазақстандық компаниялардың Түрікменстанның мемлекеттік сатып алуларына қатысу мәселелері бойынша Түрікменстанның мемлекеттік органдарында кездесулер өткізілді.

Қабылдаушы тарап өкілдерімен екі жақты кездесулерде «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам өкілдері қазақстандық өндіріс тауарларын сатып алушыларға арналған экспорттық-кредиттік қолдау көрсету басымдықтары туралы айтып берді. Бұдан басқа, экспорттық-импорттық мүмкіншіліктері мен сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың басқа да мәселелері қаралып, талқыланды.
Анықтама үшін:

2010 жылдан бастап Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы тауар айналымы үздіксіз өсу үрдісі байқалады, 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 20,9% өсіп, осы көрсеткіш 475 млн. АҚШ долл. құрады.