«KazakhExport» компаниясы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша БҰҰ қағидаттарына қол қойды | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» компаниясы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша БҰҰ қағидаттарына қол қойды

«KazakhExport ЭСК» акционерлік қоғамы БҰҰ-ның "Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттары" (Women's Empowerment Principles/WEPs) жаһандық бастамасына қосылды. Компания WEPs жаһандық платформасында сәтті тіркелді.

Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттарын (Women ' s Empowerment Principles) "БҰҰ-әйелдер" құрылымы және БҰҰ-ның жаһандық шарты 2010 жылы әзірледі. Аталмыш құжат бизнес пен корпоративтік сектор үшін әзірленген практикалық басшылық ретінде гендерлік теңдікті ілгерілету, сондай-ақ үш сала: компания ішіндегі жұмыс орнында; тұтынушылармен жұмыс істеуде; әлеуметтік жобаларды іске асыру және азаматтық сектормен әрекеттесу арқылы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша ұсынымдар жинағы болып табылады.

«KazakhExport жұмысқа қабылдау кезінде тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, ашықтық және әдептілік қағидаттарын басшылыққа алады, адам құқықтары саласындағы саясатты дамытуға және гендерлік теңдікке жәрдемдесуге, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге назар аударады. KazakhExport - тың БҰҰ бастамасына қосылғаны - корпоративтік көшбасшылықты, оның ішінде гендерлік теңдік мәселелерін жоғары деңгейде жалғастырудын маңызды қадамы», - деді "KazakhExport "ЭСК" АҚ Басқарма Төрағасы Аслан Калигазин.

WEPs қағидаттарға қол қою компанияның гендерлік теңдікті алға салып, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудегі мүдделілігі мен белсенді ұстанымның жария айғағы болып табылады. Бүгінгі таңда әлемде 7 000-ға жуық компания WEPs бастамасына қатысып отыр, олардың 42-сі - қазақстандық компаниялар. Осы нәтижемен Қазақстан WEPs жаһандық қағидаттарына қосылған компаниялар саны бойынша Орталық Азияда көшбасшы болып, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге үлесін қосуда. 2022 жылы Қазақстан жаһандық гендерлік алшақтық индексі мемлекет аралық рейтингте 15 позицияға көтеріліп, 146 елдің ішінде 65-орынды, оның ішінде экономикаға қатысу және экономикалық мүмкіндіктер бойынша 29-орынды иеленді.

"БҰҰ-әйелдер" құрылымы атынан KazakhExport-ты WEPs жаһандық қағидаттарына қол қою рәсіммен құттықтағым келеді. Жаһандық деңгейде әйелдер көшбасшылығын қолдайтын қазақстандық компаниялардың саны артып келе жатқаны қуантады. Бұл корпоративтік секторды қоса алғанда, барлық негізгі салаларда шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің өкілдігін ұлғайтуға бағыт алған Қазақстанның гендерлік саясатына сәйкес келеді. "Бәйтерек" холдингі мен оның еншілес компанияларының гендерлік теңдікті ілгерілетуге және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге белсенді тартылуын жеке атап өткім келеді», - деді Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымының өкілі Мария Доценко.

Бүгінгі таңда компанияда орта буын басшылар арасында әйелдер мен ерлердің үйлесімі 58% және 42% құрайды. "Біз корпоративтік басқару мен тұрақты дамудың жоғары стандарттарын қолдауға ниеттіміз. Компанияның ең құнды активі - біздің қызметкерлеріміз. Сондықтан адами ресурстарды және корпоративтік құндылықтарды дамыту, кадрлық әлеуетті арттыру біз үшін аса маңызды", - атап өтті "KazakhExport "ЭСК" АҚ-ның тұрақты даму мәселелеріне, сондай-ақ тікелей сақтандыру мен андеррайтинг, қайта сақтандыру және тәуекелдерді басқару мәселелеріне жетекшілік ететін Басқарма Төрағасының орынбасары Аян Бектыбаева.