«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам және Иранның экспорттық несиелік агенттігі экспортты және инвестицияларды дамыту жөнінде келісімге қол қойды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

«KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам және Иранның экспорттық несиелік агенттігі экспортты және инвестицияларды дамыту жөнінде келісімге қол қойды

2015 жылдың 9 желтоқсанында Оман Сұлтандығының Маскат қаласында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымы «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» Акционерлік Қоғам атынан Басқарма төрағасы Садықов Е.Т және Иран мемлекеттік экспорттық несиелік агенттігі (EGFI) атынан Бас директоры SeyedKamalSeyedAli экспортты дамыту мүмкіндіктерін анықтау және іске асыру арқылы екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымын ұлғайту мақсатында меморандумға қол қойды.

Қол қою рәсімі Ислам мемлекеттіре мен араб әлемінің ең ірі экспорттық-несиелік агенттіктер қауымдастығы – AmanUnion жыл сайынғы кездесу шеңберінде өтті. Қауымдастық құрамына Арабияның инвестициялар және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша компаниясы (DHAMAN), Инвестициялар және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша Ислам компаниясы (ICIEC – Ислам Даму Банкінің еншілес ұйымы), Түркияның EXIM bank-і, сонымен қатар Алжир, Мысыр, Катар, Малайзия және тағы басқа мемлекеттердің экспорттық несиелік агенттіктері. 

Келісім болашақ экономикалық ынтымақтастықтың және сауданың дамуына, атап айтқанда, қайта сақтандыру, тәжірибе және ақпарат алмасуға бағытталған.