ОҚО-ның экспортқа бағытталған кәсіпорындарымен кеңесу | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

ОҚО-ның экспортқа бағытталған кәсіпорындарымен кеңесу

Кеше, 2 наурызда ОҚО Кәсіпкерлеріне қызмет көрсету орталығының конференц залында өңірдің 60-тан астам экспортшыларымен және сыртқы нарықтарға енді шыққысы келіп отырған компаниялармен кездесу болып өтті. Сонымен қатар кеңесуге «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өкілдері қатысты.

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ ОҚО-ның кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасымен бірлесе ұйымдастырған мұндай шара өндіріспен танысу және 2016 жылға бірлескен жоспарларды талқылау мақсатында ұдайы өтеді, сондай-ақ экспортты дамыту жөніндегі мемлекеттік көмекті алушылар санын кеңейтуге көмектеседі.

2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысынан экспорт 2,3 млрд. АҚШ долларын, қалған елдерге 2 млрд. АҚШ долларын құрады. Облыстың өңделген экспортының құрылымында азық-түлік тауарлары, химия өнеркәсібінің өнімдері және тоқыма басым болып табылады.

2010-2015 жж. экспортшыларды сервистік қолдау шеңберінде «KAZNEX INVEST» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысының 133 экспортшыларына алға жылжу бағытында қолдау көрсетті. «KAZNEX INVEST» АҚ-ның қолғабыс көрсетуімен Оңтүстік Қазақстан облысының өндірістік кәсіпорындары 140 млн. АҚШ долларынан астам сомаға экспорттық келісімшарттар жасасты.

Өткен жылы 7 сауда миссияларында, 37 шетелдік көрмелерде, 13 тауар таңбаларын таныстыруда және 5 ұлттық стендтердеоблыстың 50 компаниясы таныстырылды.

Сондай-ақ 2010-2015 жж. ОҚО-ның 55 компаниясы «KAZNEX INVEST» АҚ арқылы 146 млн. теңге сомаға экспорттық шығындарының өтемін алды.

2016 жылы «KAZNEX INVEST» АҚ Орталық Азияның барлық елдерінде, Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарына, Латвияға, БАӘ, Иранға, Ауғанстанға, ҚХР-на 10 сауда миссияларын өткізуді; шетелдік бейінді көрмелерге 40 компанияның қатысуын ұйымдастыру жөніндегі шығыстарын өтеуді жоспарлап отыр.