Неміс компаниясы қазақстандық майды ЕО елдеріне экспорттауға мүдделі | Компания жаңалықтары | «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы

Компания жаңалықтары

Неміс компаниясы қазақстандық майды ЕО елдеріне экспорттауға мүдделі

Kultus Group s.r.o. – ЕО-дағы EDEKA сауда желісінің жетекші уәкілетті азық-түліктік тауарлар мен халық тұтынатын тауарлар дистрибьюторының өкілдері Алматы қаласында қазақстандық өсімдік майын өндірушілермен және экспорттаушылармен кездесті.

"KazakhExport" ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ ұйымдастырған кездесу барысында Kultus Group өкілі Александр Хайнрих қазақстандық май өндірушілерінің тауарларына жоғары қызығушылық танытты.

"Қазақстаннан келетін өсімдік майының сапасы басқа өндірушілерден кем түспейді және Еуропалық Одақ стандарттарына сәйкес келеді. Біз Ұлыбритания, Франция, Чехия, Германия және т.б. елдерге өнімдерді импорттауға ниеттіміз", - деді А. Хайнрих.

Естеріңізге сала кетейік, "KazakhExport" ЭСК" АҚ-тың Алматы қаласындағы өкілдігінің орналасқан мекенжайы: Абай даңғылы, 109в, 3 қабат, 333 кеңсе, Globus БО. Өкілдікті Даурен Нуранов басқарады. Кеңсе жұмыс күндері жергілікті уақыт бойынша 9:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс 13: 00-ден 14:30-ға дейін.